178
1630 — 1040 = 2400000 1 типті операция
А (+) А (-)
Біз қысқа мерзімді активтердің көбеюін (келуін) қарадық.
Енді қысқа мерзімді активтердің кему (шығыс етілу) жағдайларын
қараймыз.
Ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді
инвестициялардың кемуі
Аталған жағдайларда қысқа мерзімді активтер кредит бойынша
өтеді. Бұл жерде біз олардың құны қайда шығыс етілетініне (бағыт-
талатынына) назар аударуымыз керек.
а)
Тауар-материалдық қорларды қолма-қол ақшаға сатып алу.
Бұл
есептер 1310—1315, 1317, 1330 «Тауар-материалдық қорлар» активті
шоттарында бейнеленеді. Активтер осы активті шоттарға шығыс
етілетіндіктен, ақша қаражаттары кредиттік
жағында орналасады
және шаруашылық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген
шоттардың дебетіне жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1310—1315
1317 1010
Шот-фактуралар, жүкқұжаттар,
1330 ақша чектері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310—1315) 1 тип-
ті «Активті-активті»
операция орын алады, яғни баланстың ак-
тивінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан материалдық
ресурстар көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада ақша
қаражаттарының мөлшері кемиді).
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: