Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет114/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Мысалдар 
келтіреміз: 1) кәсіпорын сатып алушыға 2005 жылы 
мамыр айының 28 жұлдызында № 142 шот-фактураға сәйкес,
1000000 теңге сомада ұзақ мерзімді тапсырыс өткізді. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2110 — 6010 = 1000000 3 типті операция 
А (+) П (+)
2) тауарлардың көрсетілген партиясына 2005 жылы мамыр 
айының 28 жұлдызындағы № 142 шот-фактураға сәйкес, 150000 
теңге сомада ҚҚС есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмен-
дегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2110 — 3130 = 140000 3 типті операция 
А (+) П (+)
ә)
Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдардан. Олармен есеп 
айырысу № 2120—2140 «Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдардың 
ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» активті шоттарында 
бейнеленеді. Дебиторлық қарыздардың келіп шығу көзі: ақша 
қаражаттары, өтелуге тиіс ҚҚС, негізгі және негізгі емес қызметтен 
түскен табыстар болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы 
№ 2120—2140 шоттардың дебетіне № 1040, 3130, 6010 шоттардың 
кредитінен жасалады. Жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар


191
2120—2140 1040, 3130, 6010 Төлем тапсырмалары,
шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті 
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1040) жайғасқан 
жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни
баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан 
дебиторлық қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға 
кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі).
Пассивті шот (№ 3130, 6010) жайғасқан жағдайда баланстың 
активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті 
«Активті-пассивті» операция орын алады (бір жағынан дебиторлық 
қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде ҚҚС мен негізгі және 
негізгі емес қызметтен түскен табыстар көбейеді). Бұл жағдай 
жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет