190
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті
шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею
жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады.
Бір жағынан дебиторлық қарыздардың көлемі, ал екінші жа-
ғынан бір мезгілде ҚҚС пен салық салынудың объектісі болатын,
кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табысының
мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын біл-
діреді.
Достарыңызбен бөлісу: