192
шоттардың дебетіне № 1010, 1040, 3310, 3350, 3390, 6120, 6210, 6280
шоттардың кредитінен жасалады.
Бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2150—2180 1010, 1040, 3350, 4110, Төлем тапсырмалары,
4430,6120,6210,6280 шығыс кассалық ордерлер,
еңбекақы бойынша бет есептер,
келісім шарттар, сыйақылардың
есептері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040)
жайғасқан жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын
алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір
жағынан дебиторлық қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол
сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі).
Пассивті шот (№ 3350, 4110, 4430, 6120, 6210, 6280) жайғасқан
жағдайда баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер
болатын 3 типті «Активті — пассивті» операция орын алады (бір
жағынан дебиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде
жеткізушілер мен еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар,
сондай-ақ негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар
көбейеді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: