Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет118/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Мысалдар
келтіреміз: 1) аяқталмаған құрылысқа 2005 жылдың 
маусым айында материалды жауапты тұлғалардың материалдық 
есептері бойынша 1800000 теңге сомада құрылыс материалдары 
шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше 
болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
2930 — 1317 = 1800000 1 типті операция
А (+) А (-) 


197
2) 2005 жылы тамыздың 30 жұлдызындағы пайдалануға беру 
актісіне сәйкес, 5000000 теңге құнымен үйдің құрылысы аяқталып, 
пайдалануға берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше 
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2412 — 2930 = 5000000 1 типті операция
А (+) А (-) 
3) 2005 жылдың III-тоқсанында үйдің құрылысына 2005 жыл-
дың қыркүйек айында құрылыс бригадасының жүктелімдеріне
сәйкес, 800000 теңге мөлшерде еңбекақы есептелді. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2930 — 3350 = 800000 3 типті операция
А (+) П (+)
б)
Материалдық емес активтер, негізгі құралдар жарғылық капи-
талға салым ретінде енгізіледі.
Бұл жағдайда негізгі құралдардың пайда болу көздері кәсіпорын-
ның жарғылық капиталына құрылтайшылардың салымдары бо-
лып табылады. Бұл № 5020 «Төленбеген капитал» шоты оның 
шаруашылық субъектінің жарғылық капиталына салым түрінде 
енгізіліп, төленбегенін, ал кәсіпорын қызметінің тоқтау жағдайында 
бұрынғы иелеріне қайтарылатынын білдіреді.
Дт Кт Құжаттар
2710, 2730 5020 Құрылтай құжаттары, 
2411—2417 қабылдау-өткізу актісі,
жүкқұжаттар, бағалау актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті 
шот орналасқан.
Бұл жағдайда 3 типті операция орындалады: яғни, баланстың активі 
мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болады (материалдық емес 


198
активтердің, негізгі құралдардың көлемімен қатар, құрылтайшылар 
салымдарының да мөлшері көбейеді). Бұл жағдай жазудың дұрыс 
жасалғанын куәландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет