106
шоттардың кредиті бойынша өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің)
түрін бейнелейтін шоттар корреспонденциясында көрсетіледі.
Ұсталған салықтың сомасы есебінен кемітіліп есептелген
қаржылар инвестордың билігіне көшуі төмендегіше бейнеленеді:
Дт — № 1040 немесе төлемнің заттай түріне сәйкес шоттар;
Кт — № 1220-1240 «Еншілес және ұйымдар мен филиалдардың
қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттары.
Кәсіпорынның бұрын сатып алған акцияларының сатылуы (қайта
сатылуы) төмендегі проводкалармен бейнеленеді:
а) сатылатын акциялар үшін алушыдан нақты алуға тиісті со-
маға
Дт — № 1210-2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың
қысқа және ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шоттары;
Кт — № 6110 «Сыйақылар бойынша кірістер» шоты.
б) сатылатын акциялардың баланстық құнының сомасына
Дт — № 7340 «Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар»
шоты;
Кт — № 1150 «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»
шоты.
Акцияларды кепілдікке беру кезінде кәсіпорынның есебінде
№ 1150-2040 шоттар бойынша ішкі жазу жазылады: бұл акциялардың
құны арнайы ашылатын (аналитикалық есепте) «Кепілдікке бері-
летін акциялар» субшотында белгіленеді. Бұл субшоттағы ақпарат
кепіл ұстаушылар бойынша қосымша топтастырылады. Акцияның
кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалуы
кәсіпорынның есебінде кері жазуға себепкер болады.
Достарыңызбен бөлісу: