112
56. Бағалы қағаздардың құнсыздануы бойынша операциялар
Бағалы қағаздар қаржылардың ең
тәуекелділігі жоғары салым-
дарының бірі болып табылады. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен
есеп беру туралы ережелердегі өзгертулер мен қосымшаларға
сәйкес, бағасы белгіленген бағалы қағаздар
баланста ең төменгі
құн қағидасы бойынша бейнеленуі тиіс. Бұл егер жылдың соңында
балансты құрастыру кезінде бағасы белгіленген бағалы қағаздардың
құны баланстық құннан төмен болса, онда жаңа нарықтық құн
бойынша олардың қайта бағалануы тиіс екендігін білдіреді. Бағасы
белгіленген бағалы қағаз желтоқсан айының соңғы күніндегі баға
сатып алушы мен сатушының сол күндегі бағасының арасындағы
орташа көрсеткіші ретінде анықталады.
Бұл кезде бағалы қағаз-
дардың баланстық (есепті) құны мен олардың қалыптасқан нарық-
тық бағасының арасындағы айырманың сомасына қорытынды про-
водкалармен мынадай жазу жазылуы тиіс:
Дт — 7340 «Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар»
шоты;
Кт — 1150, 2040 «Қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвестиция-
лары» шоты.
Бағасы белгіленген курсқа жатпайтын бағалы қағаздар бойынша
да қайта бағалау жүргізіледі, бірақ олардың баланстық құны
өзгертусіз қалады. Қайта бағалау бағалы қағаздардың құнсыздануы
бойынша резервтер құруға алып келеді. Бағасы белгіленген бағалы
қағаздар бойынша резервтің мөлшерін анықтау кезінде олардың
нақты қамтамасыз етілуіне сүйенеді, ал
бағасы белгіленбеген
бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз етілу мөлшері дисконттау
коэффициентінің жәрдемімен шартты түрде анықталады. Дисконттау
коэффициенті жыл бойы өзгеріп отыруы мүмкін. Бухгалтерлік есепте
резервтердің құрылуы төмендегі проводкалармен бейнеленеді:
Дт — 7340 «Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар»
шоты;
Кт — 5310 «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік ка-
питал» шоты.
Әрбір жеке қағаз үшін барлық бағалы қағаздар құнының сақталуы
немесе өсуінен тәуелсіз резервтер құрылады. Сөйтіп, аналитикалық
есеп әрбір резерв үшін жүргізіледі.
Нарықтық құнның қор құндылықтарының
баланстық құнынан
артығы бухгалтерлік жазулармен қосақталады.
Егер құнсыздануға бұрын резерв құрылған бағалы қағаздың
жыл қорытындысымен нарықтық құны жылдық резерв құру
113
үшін мөлшерлі баға ретінде пайдаланылған
нарықтық бағадан
артып кетсе, онда бұл қағаздың құнсыздануы жөнінен резервтің
сомасы қорытынды жазулармен табыстар және залалдар шотына
қаржыларды толық аударылуына дейін түзетіледі. Бұл жерде:
Дт — 5310 «Құрылтай құжаттарында
белгіленген резервтік капи-
тал» шоты;
Кт — 5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» шоты бейнеле-
неді.
Бұрын құнсыздануға резерв құрылған бағалы қағаздар сату
кезінде қағаздың сатылуы бойынша жазулармен бір мезгілде олар
бойынша резерв сомасы № 5310 шоттың дебетінен № 5430 шоттың
кредитіне ауыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: