103
Дт — № 3030 «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері
бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» және № 3350
«Еңбекақы төлеу қысқа мерзімді берешек» шоттары;
Кт — 1010, 1040 «Касса және есеп айырысу шотындағы ақшалар»
шоттары.
Жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу, тиісті жыл үшін
купондарды кесіп алу жолымен
акция табысын алушының оны
нақты көрсетуінен соң жасалады. Бұл дивидендтер төлемінің
уақытын ұзартады. Акционерлік қоғам өзінің ақша салушыларына
дивидендтер төлеуді банкіге тапсыруы мүмкін.
Бұл жағдайда
дивидендтердің ақша салушыларға тиесілі қаражаты банкіде жеке
шотқа аударылып, бұл № 423 «Банктердегі
арнаулы шоттардағы
ақшалар» шотында есепке алынады:
Дт — № 423 «Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар» шоты;
Кт — 1010, 1040 «Касса және есеп айырысу шотындағы ақшалар»
шоттары.
Төленген дивидендтердің көлемі туралы банктің растауын алған
соң, бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:
Дт — № 3030 «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері
бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» және № 3350
«Еңбекақы төлеу қысқа мерзімді берешек» шоттары;
Кт — № 1070 «Банктердегі арнайы
шоттардағы ақша қаражат-
тары» шоты.
Дивидендтер төлеу бойынша банктің қызметтері үшін төмендегі
жазу жазылады:
Дт — № 7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты;
Кт — № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша
қаражаттары» шоты.
Достарыңызбен бөлісу: