Бухгалтерлік есеп


№ 1310 «Шикізат пен материалдар» шоты



Pdf көрінісі
бет9/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

№ 1310 «Шикізат пен материалдар» шоты
Дт
Кт
С. 20000
1) 30000


18
Материалдарды біз алып қойдық, бірақ олардың ақысы жөнінен 
әлі есептескен жоқпыз. Кәсіпорынның осы пайда болған қарызын 
көрсетуіміз қажет, бірақ ол енді № 3310 «Жеткізушілер мен 
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында 
бейнеленеді.
Бұл пассивті шот, сондықтан бастапқы сальдо (20000 теңге 
сомасындағы жеткізушілерге қарыз) кредит бойынша көрсетілуі 
қажет. Бұл шоттың кредитіне бірінші операцияның нәтижесін 
де жазуға тиістіміз, өйткені жеткізушілерден материалдарды ала 
отырып, біз оларға қарызымызды және 30000 теңгеге көбейтеміз. 
Біз № 3310 «Төленуге тиісті шоттар» шотын ашып және бірінші 
операцияны жазғаннан соң, ол төмендегіше көрсетіледі: 
№ 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек»
Дт
Кт
С. 20000
1) 30000
Біз байқағандай, бірінші операция екі шотта — № 1310 шоттың 
дебеті бойынша және № 3310 шоттың кредиті бойынша бірден бей-
неленеді.
Айдың соңына қалдықтардың есебін мына мысалдардан көрейік.
Активті шотта қалдықты есептеп шығару
Дт
Кт
Бір ай ішінде 20000 теңгеге мате-
риалдар алдық (2), ал өндірістік мұқтаж-
дықтарға 60000 теңгеге материалдар 
босаттық (3) делік. Айналымдарды есеп-
тейміз. Дебет бойынша: 30000 + 20000 = 
50000, кредит бойынша: 60000. 
Соңғы (жаңа) қалдық:
20000 + 
50000 — 60000 = 10000 теңге
С.б. 20000
1) 30000
2) 20000
3) 60000
Айн. 50000
Айн. 60000
С.с. 10000
Бұл жерде:
С.б.— бастапқы сальдо 
С.с.— соңғы сальдо 
Айн.— айналымдар


19
Пассивті шотта қалдықты есептеп шығару
Дт
Кт
Бір ай ішінде біз жеткізушілердің
қарыздары бойынша 50000 теңгеге есеп 
айырыстық (4), оған қоса және 20000 
теңгеге материалдар алдық (2), бірақ 
олар жөнінен есеп айырысқан жоқпыз. 
Айналымдарды есептейміз. Дебет 
бойынша: 50000, кредит бойынша: 
30000 + 20000 = 50000. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет