34
жазулармен салыстырылады. Ол үшін тиісті үлгіде салыстыру ве-
домосы түзіледі.
Соған ұқсас, салыстыру ведомосындағы түгендеу тізімі үлгісінің
шамалы өзгеруінен басқа негізгі құралдардың түгендеуі жүргізіледі.
Негізгі құралдарды түгендеуде әрбір мүлік объект бойынша есепке
алынады.
Ақша қаражаттарын түгендеу кезінде олардың кассадағы нақты
бар болуы мен анықталған сома бухгалтерлік есеп мәліметтерімен
салыстырылады.
Есеп айырысуларды түгендеу кезінде оларға мұқият салысты-
ра тексеру жұмысы жүргізіледі. Түгендеу
толық немесе бөлшекті
түрде (материалды-жауапты тұлғаларды бақылау үшін), жоспарлы
және кенеттен болады. Түгендеу төмендегі жағдайларда міндетті
түрде жүргізіледі. Олар:
1. Кәсіпорынның мүлкін жалға беру, сатып алу, сату, сондай-ақ
меншіктің түрі өзгеру жағдайында;
2. Жылдық есеп беруді дайындау алдында. Үйлер,
ғимараттар
мен негізгі құралдардың басқа да қозғалмайтын объектілерінің
түгендеуі екі-үш жылда бір рет жасалуы мүмкін;
3. Материалды жауапты тұлғаның ауысуы кезінде (жұмысты
қабылдау-тапсыру күніне);
4. Ұрлық және қиянат ету, сондай-ақ
құндылықтардың бұзылу
фактілері анықталған кезде;
5. Өрт немесе басқа табиғи апаттар болған жағдайда.
Түгендеу кезінде анықталған артықшылықтар кіріске алынып,
кәсіпорынның табыстарына есепке алынады.
Кем шығулар айып-
ты тұлғалардан өндіріледі. Егер айыптар анықталмаса немесе сот
органы талапты қанағаттандырмаса, онда кем шығу өндіріс немесе
айналым шығындары ретінде бейнеленеді.
Түгендеу комиссия құрамына Материалды жауапты тұлғаны
қатыстырумен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: