27
Бұл жағдайда № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен
ақша қаражаттары» активті шоты № 31 кіші бөлімнің «Бюджетпен
есеп айырысулар» пассивті шотымен байланысады. Екі шот бойын-
ша да қалдықтар кемиді. Ақша қаражаттары бір жағынан,
екінші
жағынан бюджетке қарыздар кемиді.
Төртінші операциядан кейін бухгалтерлік баланстың түрі
төмендегіше болады:
Активтер: шаруашылық
құралдар
Сома-
сы
Пассивтер:
шаруашылық
құралдардың қөздері
Сома-
сы
Материалдар (1310)
50000
Жарғылық
капитал
(5010)
50000
Ағымдағы банктік
шоттағы ақшалар (1040)
75000
Жеткізушілерге
қысқа
мерзімді кредиторлық
берешек:
Тауарлар
мен қызметтер
үшін (3310)
50000
Кассадағы теңгемен
қолма-қол ақша (1010)
2000
Еңбекақы бойынша (3350)
27000
БАЛАНС
127000
БАЛАНС
127000
Баланстың
жиынтығы кемиді, баланстық тепе-теңдік сақталады.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Бухгалтерлік проводка деген не?
2. Шоттардың корреспонденциясы деген не?
3. Баланс жиынтығының мөлшеріне шаруашылық операциялар
әсер етеді ме?
4. Баланс жиынтығы қандай шаруашылық операциялар кезінде
көбейеді?
5. Баланс жиынтығы қандай шаруашылық операциялар кезінде
кемиді?
6. Баланс жиынтығының өзгерісіне
алып бармайтын қандай
шаруашылық операциялар?
7. Шаруашылық операциялардың әсерінен баланстық тепе-теңдік
(актив пен пассивтің теңдігі) бұзылуы мүмкін бе?
8. Кіріспе баланс пен операциядан кейінгі балансты салыстыры-
ңыз. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы өзгере ме?