36
мен оқтын-оқтын нақты шығыстарына негізделіп, оларды түзетіп
отыруымыз мүмкін.
Материалдарды бағалаудың басқа да жолдары бар. Соған ұқсас
құралдар, саймандар және тағы басқалар бағаланады.
Дайын өнім жоспарлы өндірістік немесе нормативті өзіндік құн
бойынша бағаланады.
Тауарлар көтерме немесе ұсақ бағалар бойынша бағаланады.
Тауардың көтерме бағасына оның өндірістік өзіндік құны,
коммерциялық шығыстар (орау, қаптау, тиеу, келісімге сай жеткізіп
беру), табыс, қосымша құнға салынатын салық енгізілуі мүмкін.
Ұсақ бағаға — сауда ұйымдары пайдасының есебіне үстеме баға
енеді.
Саудада, көтерме немесе ұсақ болсын, жиынтық табыстың негізгі
көзі сатылатын тауарға қойылған үстеме баға болып табылады.
Шоттардың кеңестік дәуір жоспарында тауарға қойылатын үстеме
бағаға жеке № 42 «Үстеме баға» шоты берілген еді.
ҚР-ның бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының
нұсқауына сәйкес бұл шот жойылған болатын. Алайда, профессор
В. К. Радостовец бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесі мен
стандарттарын зерттеп, сондай-ақ ұсақ сауданың ерекшеліктерін
есепке ала отырып, бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарына
бірқатар қосымшалар енгізді.
Сондықтан, тауарға қойылатын үстеме баға, сондай-ақ ол үстеме
бағаға қойылатын ҚҚС-ты № 1330 «Тауарлар» шотынан туындайтын
субшоттар ретінде белгілеуді ұсынамыз:
№ «1331» субшоты — қоймадағы тауарлар;
№ «1332» субшоты — саудадағы тауарлар;
№ «1333» субшоты — тауарларға қойылған үстеме баға;
№ «1334» субшоты — тауардың бағасындағы ҚҚС.
Достарыңызбен бөлісу: