37
10. Дайын өнім қалай бағаланады?
11. Профессор В. К. Радостовецтің
енгізген жаңалықтарының
маңызы неде?
12. Калькуляциялау
Калькуляциялау, бұл — өндіріс пен өнім, жұмыстар мен қызмет-
терді өткізуге жіберілген шығындарды есептеу әдісі. Өзіндік құн-
ды калькуляциялау өнім мен қызметтердің
өндірілуіне кеткен
шығындарды талдау мен біліп отыруға, бағаларды дәлелді түрде
белгілеуге мүмкіндік береді.
Калькуляциялау барысында өнімнің өзіндік құны есептеледі.
Өзіндік құн өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен атқарылған
қызметтердің бағасын анықтау үшін негіз болып табылады. Дұрыс
жасалған калькуляция өнімнің алуан түрлеріне барлық қисыны
келетін шығындарды нақты бағалап, жоғары табыс әкелетін таңдауға
мүмкіндік береді.
Өзіндік құнға енгізу әдісі бойынша
шығындар тікелей және
жанама болып бөлінеді. Тікелей шығындарды осы немесе басқа
калькуляцияға тура енгізуге болады. Бұл — негізгі өндірістік
жұмысшыларды әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталатын қаржы-
лар
мен еңбекақы, материалдар.
Жанама шығындар әдеттегіше барлық өндіріске толық немесе
оның жеке бөлімшелеріне тиесілі болады. Бұл амортизациялық
қаржылар,
жөндеу бойынша шығындар, әкімшілік-басқару персо-
налының еңбекақысы, кеңсе, пошталық және т.б. шығындар. Олар
бір ай бойы жеке шоттарда жиналады, ал айдың (кезеңнің) соңында
өнімдердің түрлері бйынша үлестіріледі.
Мұндай үлестірудің негізі тікелей
шығындар немесе негізгі
өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы болып.
Өнімнің жеке түрлеріне шығындарды апарудың толықтығы
мен дұрыстығы бухгалтердің назарында болуы тиіс,
өйткені
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің бұл жағы салық
инспекторының тексеру объектісі болып саналады. Өзіндік құнның
қолдан жасалып, жоғарылауы кезінде кәсіпорынның есепті жылдық
пайдасы төмендейді, сол себептен
бюджетке салық төлемдері де
кеміп кетеді.
Балансты құрастырған кезде тікелей шығыстар № 70 «Өткізілген
өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» және № 71
«Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» кіші
38
бөлімдерінің шоттарына апарылады. Жанама шығындар: жалпы
шаруашылық, көмекші және үстеме шығыстар болып бөлінеді.
Жалпы шаруашылық шығыстар № 72 «Әкімшілік шығыстар»
кіші бөлімінің шоттарына апарылады және жылдың соңында жабы-
лады.
Көмекші шығыстар № 8020 «Меншікті өндірістің шалафабрикат-
тары» мен № 8030 «Көмекші өндірістер» шоттарының субшоттарына
апарылады.
Үстеме шығыстар № 8040 «Үстеме шығыстар» шотының суб-
шоттарына апарылады.
Одан соң, шығындарды жинақтау бойынша VIII бөлімнің шоттары
өз кезегінде № 70 «Өткізілген өнім,
жұмыстар мен қызметтердің
өзіндік құны» бөлімшесінің шоттарына немесе № 1320 «Дайын
өнім» шоты бойынша жабылатын № 8010 «Негізгі өндіріс» шотына
жабылады.
Достарыңызбен бөлісу: