Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет93/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін 
жауапкершілік кімге жүктеледі?
2. Бас бухгалтерді кім тағайындайды?
3. Оны кім орнынан босатады?
4. Ол кімге бағынады?
5. Бас бухгалтердің міндеттеріне нелер кіреді?
6. Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге қандай 
құжаттарға қолтаңбасын қояды?
7. Бас бухгалтер ұзақ уақыт жоқ болған кезде құжаттарға кім 


151
қолтаңбасын қояды?
8. Егер кәсіпорынның басшысы заңдылыққа қайшы құжаттарды 
есепке қабылдауды талап еткен уақытта, бас бухгалтер қандай іс 
әрекеттер жасау керек?
9. Бухгалтердің кассирдің міндетін атқаруға құқығы бар ма?
10. Бас бухгалтерді орнынан босату процедурасы қандай?
78. Құжаттардың сақталуы. Нормативті құжаттар 
мен нұсқауларды қолдану ережелері
Бастапқы құжаттардың мәліметтері есеп регистрлерінде бейне-
ленгеннен соң, олардың сақталуын ұйымдастыру қажет. Құжаттар 
есеп регистрлерінде жазылу үшін бірнеше рет қолданылып кетпесін 
деген мақсатпен, олардың ішінен бірқатары өшірілуі тиіс. Бұл кіріс 
және шығыс кассалық ордерлерге қосылып тігілетін құжаттардың 
(өтініштер, сенімхаттар және т.б.) барлығына қатысты. Арнайы 
таңба немесе қолмен «Алынды» немесе «Өшірілді» деген таңбамен 
барлық банк құжаттары, сондай-ақ еңбекақы мен басқа төлемдер 
есептеліп, берілгендігі негізіндегі құжаттардың күші жойылады. 
Құжаттар сақтау мерзімі бітуі бойынша жергілікті мемлекеттік 
мұрағатқа тапсырылады немесе жойылады.
Құжаттар арнаулы жайларда немесе жабылатын шкафтарда сақ-
талады.
Құжаттар мен есеп регистрлері тек қана мемлекеттік арнау-
лы органдардың қаулысы негізінде жауап алу, алдын ала тергеу, 
прокуратура және сот шешімі негізінде алынуы мүмкін. Алыну 
фактісі, кәсіпорында көшірмесі қалатын хаттамамен рәсімделеді. 
Құжаттардың жойылуы немесе жоғалуы кезінде кәсіпорынның бас-
шысы өзінің бұйрығымен болған жағдайдың себептерін анықтау 
үшін комиссия тағайындайды. Комиссия жұмысының нәтижесі ту-
ралы басшы бекітетін акт жасауы тиіс.
Бухгалтер үшін негізгі нормативті құжат болып Қазақстан 
Рес-публикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру тура-
лы ережелерімен бекітілген субъектілердің қаржы-шаруашылық 
қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспары саналады.
Бірақ, ешқандай нормативті құжат өмірдегі жағдайлардың көп-
түрлілігін қамти алмайды. Сондықтан, бухгалтер нормативті құ-
жаттар бола тұра, кейбір жағдайды алдын ала қарастыра алмайды 
немесе әр түрлі нормативті құжаттардағы нұсқаулардың бір біріне 
қайшы келетін жағдайына тап болуы мүмкін.


152
Бірінші жағдайда нормативті құжатты бекіткен инстанцияның 
жазбаша түрде түсіндіруі болуы қажет немесе ол мүмкін болма-
са, нормативті құжаттардың жалпы мазмұнымен сәйкес мәселені 
шешу керек. Екінші жағдайда екі қарапайым ереже жұмыс істейді: 
төменде тұрған ұйымның құжаты жоғарыда тұрған инстанцияның 
құжатына қайшы келе алмайды және жаңадан шыққан құжат бұрын 
шыққан құжаттың талабын жояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет