11
KBShT 2202 – КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ШЕТ ТІЛІ
Көлемі 2 кредит
Авторлар
:
Мәдиева Г.Б.
– филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы және
жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі
Таева Р.М.
– филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы және аударма ісі
кафедрасының доценті
Пікір жазғандар:
Окушева Г.Т.
– филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің шет тіл кафедрасының доценті
Аргынгазина Ш.Б.
– филология ғылымдарының кандидаты КИМЭП
университетінің доценті
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Кәсіби шет тілі бойынша тілдік дайындық инновациялық үлгідегі
қазіргі заманғы ЖОО түлегінің кәсіби бағдарланған білім бағдарламасының
ажырамас компоненті болып табылады. Шет тілін білу – халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асырудың және ғылыми-зерттеу университетінің
даму принциптерімен сәйкес академиялық мобильділік аясындағы
біліктілікті арттырудың ең негізгі шарттарының бірі.
2 курста басқа тілде қарым-қатынас жасаудың базалық біліктілігін ары
қарай жетілдірумен қатар тілді кәсіби қарым-қатынас мақсатында қолдану
үшін жүйелі, пәндік және тұлғааралық құзыреттердің кәсіби бағдарлы
деңгейіне қол жеткізіледі. Релеванттық студентті оқыту траекториясының
жалпы кәсіби және мәдениаралық бағытталуының күшеюін, болашақ
мамандыққа, туған мәдениеттің семантикалық және құндылықты қорын өзге
мәдениетпен
салыстырудағы
феноменге
шынайы
қызығушылықты
қалыптастыру болып табылады. Курстың оқу материалын таныстыру кезінде
қарым-қатынас аясының және оқытылатын тақырыптардың мазмұнын анық
көрсететін түпнұсқалық мәтіндерді, аудио және бейне материалдарды,
оқытылатын тіл елінің мемлекеттік құрылымымен және экономикасымен,
мәдени-тарихи
қауымдастығымен,
қоғамдық-саяси
өмірдің
ерекшеліктерімен, маңызды тарихи оқиғалармен байланысты реалийлерді
білдіретін тілдік бірліктерді қолдану қарастырылады.
«Кәсіби бағдарланған шет тілі» пәнін оқу нәтижесінде студент келесі
құзыреттерге ие болуы қажет:
Достарыңызбен бөлісу: