Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет109/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология

 
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
«Жалпы тіл білімі» курсының жүйелі мақсаты сыни тұрғыдан ойлай 
алатын, ақпараттар легінде еркін әрекет ете алатын, жоғары академиялық 
стандарттар мен жаңару үстіндегі қоғамның талаптарына сай білікті, 
бәсекеге қабілетті лингвист даярлау болып табылады. «Жалпы тіл білімі» 
курсы келесідей міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді: 

тіл теориясы, тіл бірліктері мен олардың қатынасы туралы 
тұжырымдамаларды меңгеру; 

тіл білімінің іргелі теориялық-әдіснамалық дамуымен, негізгі 
лингвистикалық бағыттары мен мектептері және олардың қазіргі тіл туралы 
ғылымға әсерімен танысу; 

лингвистикалық парадигмалар және олардың заманауи тіл 


111 
теориясындағы эволюциясы, орыны, мәні мен жетістіктері туралы білімді 
меңгеру; 

әртүрлі тілдік материалдарға қатысты жаңа лингвистикалық 
білімді өзіндік тұрғыда дәйектей алу білігін игеру; 

тіл және оның бірліктерін талдаудың әдістерін меңгеру және 
оларды тәжірибеде қолдану жолдарын игеру. 
Тіл білімі: ғылымдар жүйесіндегі дәстүрлі және жаңа байланыстар. Тіл 
білімінің ғылым ретіндегі нысаны. Тіл білімінің мақсаттары мен міндеттері. 
Лингвистикалық бағыттар мен парадигмалар. Прадагмалар типологиясы: 
генетикалық, 
инвентарлы-таксономиялық, 
антропоцентристік, 
функционалды, коммуникативті-парадигмалық, дискурсивті-когнитивтік. 
Пәннің оқу мақсаттары келесідей: 

тіл туралы білімді, негізгі теориялық және қолданбалы 
мәселелерді жалпылау, тереңдету, жүйелендіру; 

әлемдік лингвистиканың өзекті сұрақтары туралы, сонымен 
қатар, тұтас алғанда қазіргі тіл білімінің «бейнесін» құрайтын негізгі 
лингвистикалық пәндер (әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, 
когнитивтік лингвистика, корпустық лингвистика) және тіл білімі тарихының 
кезеңдері мен дәуірлері туралы ой қалыптастыру; 

тіл және тілдік бірліктерді талдаудың замануи әдістерімен танысу 
және оларды тәжірибеде қолданудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет