Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет106/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология

 
Көлемі 2 кредит 
 
Авторлар: 
Сүлейменова Э.Д.
– филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры 
Ибраева Ж.Қ.
– филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті
 
 
Пікір жазғандар: 
Мұсатаева М.Ш. 
– филология ғылымдарының докторы, профессор. 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
 
Шайкенова
Л.М. 
– филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
 
 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
«Жалпы тіл білімі» филология мамандығында оқитын студенттердің 
жалпылингвистикалық 
дайындығы 
жүйесіндегі 
аяқтаушы 
және 
қорытындылаушы курс болғандықтан, міндетті пәндер қатарына кіреді.
«Жалпы тіл білімі» курсының бағдарламасы лингвистикалық 
білімдерді, лингвистикалық талдаудың тәжірибесі мен біліктілігін жүйелеуге, 
студенттерді теориялық және практикалық лингвистикадағы өзіндік ғылыми 
қызметке дайындауға бағытталған. 
Бағдарламада студенттердің өзіндік жұмыстарына (рефераттар, эсселер 
жазу мен презентациялар дайындау, бақылау жұмыстарын орындау, 
талдаудың дәстүрлі және классикалық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, 
лингвистикалық міндеттерді шешу) ерекше мән беріледі. 
Курс мазмұнын меңгеру нәтижесінде теориялық және қолданбалы тіл 
білімінің нысаны мен пәнін ажырата алатын және тілді талдаудың 
репрезентативті әдісін меңгерген білікті филолог студент:

ғылыми парадигмалардың концептуалды-әдіснамалық ерекшелігі
мен лингвистикалық бағыттардың даму логикасы туралы; 

кәсіби білімді игеру, жинақтау, жеткізу және оңтайлы қолдана білу 
амалдары туралы; 

лингвистика және басқа да тоғыспалы ғылымдарда заманауи 
ақпараттық және т.б. технологияларды қолдану туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет