Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет36/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология

Пәнді оқыту объектісі:
әдебиет, көркем шығарма, әдеби процесс, 
әдебиеттану саласындағы ғылыми зерттеулер т.б. 
Пәннің зерттеу әдісі
: Талдау, интерпретация, бағалау, салыстырмалы-
типологиялық әдіс, жүйелеу әдісі, аналитикалық, синтетикалық, кешенді 
әдіс. 
Басқа пәндермен байланысы, алатын орны мен ролі: 
«Әдебиеттануға кіріспе» пәні әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, 
әдебиет сыны пәндерімен түгелдей дерлік мазмұны жағынан сәйкеседі, 
байланысады. 
Сонымен 
қатар 
қоғамдық-гуманитарлық 
ғылымдар: 
фольклористика, тіл білімі, стилистика, философия, эстетика, психология, 
мәдениеттану 
сияқты 
ғылымдарының 
жетістіктерімен 
бірлікте 
қарастырылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Әдебиеттану ғылымы және оның салалары. Басқа ғылыми пәндер 
жүйесіндегі орны.
Әдебиет сөз өнері болса, оны зерттейтін ғылым – әдебиеттану. 
Әдебиеттану ғылымының пайда болу, қалыптасу кезеңдері. Қазақ 


37 
әдебиеттану ғылымы және оның бастаулары. Әдебиеттану ғылымының 
негізгі және жанама салалары туралы қазіргі жаңа топшылаулар. Әдебиет 
тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны және олардың зерттеу обектілері. 
Текстология, библиография және историяграфия. Әдебиеттану ғылымының 
гуманитарлық, қоғамдық ғылымдар, атап айтқанда, эстетика, қоғамтану, 
философия, психология, мәдениеттану, мәтінтану, герменевтика т.б. 
жүйесіндегі орны мен өзіне тән ерекшелігі.
 
Әдебиет пен эстетика. Сөз өнері жайлы ұғым

Өнер түрлеріне тән негізгі ерекшеліктер. Өнердің суреттеу пәні. 
Өнердің суреттеу амалдары. Өнердің суреттеу құралдары. Өнердің 
туындысын қабылдаудың сырлары. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша 
бір саласы ретіндегі қызметі. 
Сөз өнерінің сыры мен сипаты. Сөз өнерінің образды бейнелеудегі
өзгешелігі. Сөз өнерінің басқа өнер түрлерінен ерекшелігі. Сөз өнерін 
жасаушы суреткер шеберлігі туралы ғылыми тұжырымдар. Қаламгердің 
әлеуметтік тұлғасы. Әдебиеттің халықтығы туралы ұғым. Әдебиеттің ұлттық 
сипаты. Көркем шығарманың қоғамдық мәні. Таным тарапындағы қызметі. 
Тәрбиелік мәні. Сөз өнерінің эстетикалық сипаты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет