Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет38/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология

.
 
Көркем әдебиеттің образдылығы. Образ және образдылық. 
Әдебиет туралы ілімнің ең басты пәні – көркем шығарма. Шығарма 
әлемі – өмір шындығын көркем игеру. Өмір шындығы мен көркемдік 
шындық. Өнердің өмірді бейнелеу ерекшеліктері. Көркем образдылық ұғымы 
мен оның компоненттері. Образдылық – суретті, бейнелі сөз. Образды 
ойлаудың өзіндік ерекшеліктері. Көркемдік қиял мен көркем ойлаудың образ 
жасаудағы қызметі. Ойдан шығару – образға апарар жол. Ойдан шығарудың 
адам тұлғасын жинақтау мен даралаудағы ролі. 
 
Көркем образ түрлері. Оның жасалу жолдары. 
Көркем образ – эстетикалық категория. Образ – адам – көркем бейне. 
Көркем образды әдеби тек, көркемдік әдіс және жасалу тәсілі тұрғысынан 
бірнеше түрге бөлудің ғылыми мәні. Эпикалық образ. Лирикалық образ. 
Драмалық образ. Романтикалық, фантастикалық, реалистік, юморлық, 
сатиралық, трагедиялық, қаһармандық образдар. Көркем образға тән 
қасиеттер. Жинақтау мен даралау. Тип және характер. Тип және прототип. 
Характердің жасалу жолдары. Мінездеу, портрет, психологизм, монолог, 
диалог, пейзаж т.б. Оларды жасаудағы қаламгердің ізденістері.
Көркем 
шығармадағы көркемдік деталь қызметі. 
 
Тақырып пен идея.
Тақырып – өнер туындысының ірге тасы. Көркем шығарма тақырыбы 
туралы түсінік. Тақырыптың маңыздылығы, тақырыптың өзектілігі,
тақырыптың ірілігі мен ұсақтығы. Тақырып пен идеяның бірлігі. 
Тақырыптың идеялық-көркемдік шешім табуы. Идея туралы пайымдаулар. 
Идеяның заманалылығы және маңыздылығы, идеяның күрделілігі. Оның 
алғы шарттары мен негізгі принциптері. 
Көркем шығармадағы негізгі идея мен қосалқы идеялар. Авторлық идея 
мен объективті идея. Авторлық идея және шығармашылық фактор. Мәңгілік 
тақырыптар мен өміршең идея туралы қазіргі ғылыми тұжырымдар. 
Әдебиеттеғі ұлттық тақырып пен ұлттық идея жайы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет