Ќазаќстан республикасыныњ


Өлең құрылымы мен өлшемдері



Pdf көрінісі
бет41/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология

Өлең құрылымы мен өлшемдері.
Өлең туралы ғылыми пайымдаулар. Аристотельдің “Поэтика” 
еңбегіндегі өлең сөз туралы тұжырымдар. Әл-Фарабидің “Поэзия өнерінің 
конондары” трактатындағы поэзия тіліне қатысты пайымдаулар. Абай 
Құнанбаев пен Шоқан Уәлихановтың қазақ өлең жүйесіне қатысты ой-
пікірлері. Өлең жүйелері. Метрикалық өлең жүйесіндегі әуеннің қызметі. 
Тоникалық өлең жүйесіндегі екпіннің қызметі. Силлабикалық өлең жүйесінің 
буынға негізделуі. Силлабо-тоникалық өлең жүйесі. 
Өлең құрылымының өзіндік ерекшеліктері. Өлеңнің ырғақтық-
интонациялық жүйесі. Шумақтардың құрылымдық сипаты. Шумақтың 
белгілі бір аяқталған ойға құрылатындығы. Тармақ және оның белгілі бір 
өлшемге негізделуі. А.Байтұрсыновтың бунақ туралы тұжырымдары. Буын 
және оның түрлері. Қазақ өлеңіндегі буын сандарының сәйкесу 
заңдылықтары. Өлең ұйқасы, оның түрлері.Ұйқастың көркемдік қызметі 
туралы қазіргі ғылыми пайымдаулар
.
 
Көркемдік әдіс. Әдеби ағымдар мен бағыттар.
Көркемдік әдіс туралы ұғым. Көркемдік әдістің ақиқат өмірді көркем 
бейнелеу сипаты. Көркемдік әдіс және жазушы дүниетанымы. Әдеби 
ағымдар, бағыттар және олардың пайда болу жолдары. Көркемдік әдіс пен 
әдеби ағым, бағыттардың өзара ықпалы. Әдеби мектеп. Әдеби ағым мен 
әдеби мектептің жазушы қолтаңбасын қалыптастырудағы рөлі. Олардағы 
көркемдік-идеялық бағыттастық. Көркемдік әдістің әр дәуірде әртүрлі сипат 
алуы. Көркемдік әдіс пен әдеби бағыт түрлері. Символизм, классизм, 
сентиментализм, натурализм, романтизм, реализм, модернизм т.б. көркемдік 
әдістер мен әдеби ағымдардың қаламгер стиліне ықпалы. Реализмнің даму 
жолдары және түрлері. Кеңестік дәуірдегі социалистік реализм туралы
қазіргі ой-пікірлер. 
 
Қаламгер және стиль. 


41 
Стиль туралы әдебиеттанудағы түсінік. Стиль – суреткердің дара 
шеберлігі, қолтаңбасы. Стильдің көркемдік әдіспен сабақтастығы. Жазушы 
және стиль. Қаламгердің стильдік ерекшелігі. Стиль құраушы құбылыстар 
және олар туралы пікірлер. Жазушының стилінің қалыптасу сатылары. 
Қаламгердің даралық стилін айқындаудағы ойлау типі мен дүниетаным, 
өмірлік тәжірибе мен өмірбаянның алатын орны. Дәуір және стиль. Қаламгер 
стилінің халық өмірі, ұлт мәселесімен сабақтастығы. Стильдің көркем 
шығарма поэтикасымен байланысы. Стильді айқындайтын көркемдік жүйе 
мен поэтикалық көркемдік компоненттер тұтастығы.Стильдің көркем тіл, 
баяндау мәнері, суреттеу сарыны, сюжет, композиция құру өзгешеліктерін 
көрсететін өзіндік сипаттары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет