94
қиссасындағы» қарлығаштың адамға достығы. Лұқман хикаяттары. Қазақ
халық ертегілерінде: «Аһил хайруан қиссасы», «Дәуіт қиссасы», «Егінші мен
қойшы», «Сүлеймен пайғамбар мен құмырсқа», «Зұлқарнайын қиссасы»
деген атаулармен кездесетіндігі. Қазақ ертегі-аңыздарымен мазмұны
жағынан байланысы. «Рабғұзи қиссаларында» ауыз әдебиеті үлгілерінің
жинақталуы.
«Жүсіп-Зылиха» сюжетінің шығыста көп тарағандығы. Фирдоуси,
Жәми, Әли, Рабғұзи, Дүрбек, Шайад Хамзаның нұсқалары.
Құранның он
екінші сүресіндегі Жүсіп әңгімесі. Бұл әңгіменің көне Египетте исламға
дейін-ақ тарағаны. «Жүсіп-Зылиханың» мазмұны: Жақып пайғамбардың он
екі ұлы. Қызғаныш. Жүсіптің
зынданға салынып, Мысырға сатылуы.
Зылиханың махаббаты. Жүсіптің түс жоруы. Ағаларымен жолығуы. Кінәсін
кешіруі. Әкесі Жақыппен кездесуі. Зылихаға қосылуы.
«Рабғұзи қиссаларындағы» тарихи оқиғалар. Жер-су аттары.
Мұхаммед, Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли, Хүсейін оқиғалары. Таиф, Мысыр,
Қанған (Ханаан), Палестина, Куфа, Шам, Меке, Мәдине, Кербаланың құмы,
т.б. қала, ел атаулары.
Рабғұзидің табиғат туралы өз өлеңдері. Қазақ арасында Рабғұзи
қиссаларының таралуы. Құлмұхаммед Байғұлыұлы, Ақыт, Үлімжіұлы,
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармаларындағы Рабғұзи сюжеттері.
Достарыңызбен бөлісу: