95
«Жұмжұманың» «Қубас» және Мәулікей Жұмашев нұсқасы.
Дастанның имандылықты насихаттаудағы рөлі жөніндегі В.В. Радловтың
пікірі.
«Гүлстан бит-түрки
»
(1391 ж.).
Авторы Сайф Сараи (1320-1396).
Өмірі, шығармалары жөніндегі мәліметтер. Сайф Сараидің «Қамысты» деген
жерде туғандығы. Египетке кету себебі. Мәмлүктер тарихына шолу.
«Көндігерлер» (Ә. Марғұлан). Сараидің «Суһайыл мен Күлдірсін» дастаны.
Дастанда өз дәуірінің өзекті мәселесі көтерілетіндігі. Ақсақ Темір
шапқыншылығы.
«Гүлстан бит-түрки» шығармасы. Оның Сағдидің осы аттас
шығармадан
аударма-нәзира
жолымен
жазылғандығы.
«Гүлстан»
хикаяттарының тәлім-тәрбиелік мәні. «Бір сұлтанның үш ұлы», «Наушаруан
патша», «Уәзірдің ақымақ баласы», «Байбатша мен кедей баласы», «Патша
мен құлы» әңгімелері. Сараидің өз өлеңдері. «Гүлстан» хикаяттарының мәні,
адамгершілік ойлары. Сараидің нақыл сөздері: «Бейнет көрмеген адам
рахаттың қадірін білмес», «Әдепті – әдепсізден үйрендім», «Кісіге
жалынышты болып, алтын қылыш тағынғанша, еркіңмен отырып қара көже
ішкен артық», «Ұзын бойлы ақымақтан қысқа бойлы ақылды артық», «Бір
үйге екі мейман сыя берер, ал екі сұлтанның басы бір елге сыймас», «Екі
жүзді адам алдыңнан келсе, қойдай жуасып дос болар, артыңнан келсе,
бөрідей тырнақ салар», «Тәрбие бірдей болғанмен, қабылдауы түрлі-түрлі»,
«Дүние өмір рахаты үшін керек, бірақ өмір дүние үшін емес».
Достарыңызбен бөлісу: