98
ККА 3301 – ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Көлемі 3 кредит
Автор:
Асқарова А.Ш.
– филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті м.а.
Пікір жазғандар:
Ержанова С.Б.
– филология ғылымдарының докторы, Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университеттің профессоры, қазақ
әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
Ахмет К.
– филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің доценті
ТҮСІНДІРМЕ
ХАТ
«Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні «5В050200 – филология: қазақ
филологиясы» мамандығына гуманитарлық ғылымдар бакалаврын дайындау
үшін (4 жыл) 2 кредит көлеміндегі негізгі пән. «5В050200 – филология: қазақ
филологиясы» мамандығына арналған бакалаврларға қазіргі қазақ әдебиетін
оқытудың қалыптасқан әдіснамалық және категориялық аппаратымен,
көркем әдебиеттің даму тенденцияларымен таныстырады. Бұл пән бүгінгі
қазақ әдебиетінің бағытын аңғартатын пікірлер мен негізгі идеяларды өзара
салыстыра зерттеуді, көркемдік қуаты ерен, парасат-пайымы, ой толғамы
терең шығармалардың генезисі, стилистикасы, поэтикасы, жанрлық-
тақырыптық, тілдік-стильдік, ғылыми-танымдық ерекшеліктері, адам-қоғам-
табиғат қарым-қатынастарын жаңаша талдап, алда тұрған өзекті мәселелерді
айқындап, зерттеудің жаңа әдістемелері мен әдіс-тәсілдерін үйретуді мақсат
етеді.
«Қазіргі қазақ әдебиеті» пәнін оқыту нәтижесінде
Достарыңызбен бөлісу: