Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


 Әлеуметтік лингвистиканың ғылымдар жүйесінде ала



Pdf көрінісі
бет12/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   111
1.2 Әлеуметтік лингвистиканың ғылымдар жүйесінде ала
-
тын орны
Әлеуметтік лингвистиканың ғылыми мәртебесі мен оның 
лингвистикалық және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар жүйе-
сіндегі орны туралы қалыптасқан үш түрлі көзқарас бар. 
Бірінші көзқарас
бойынша әлеуметтік лингвистика – тіл 
білімінің бір саласы. Өйткені ол күллі тіл біліміне тән болып табы-
латын тілді нысана ете отырып, оның әлеуметтік-қызметтік жағын 
қарастырады. Мұндай пікірді 
В.А.Аврорин
қуаттайды. Ол былай 
деп жазады: «Своей методической стороной социолингвистика 
стоит значительно ближе к социологии и истории, но основным ее 
предметом явлается язык и его функционирования, а потому и на-
ука эта представляет собой необходимую составную часть лингви-
стики в качестве ее части, социольная лингвистика признается все 
же особым, относительно самостоятельным направленинм в науке 
о языке «поскольку она занимается такими объектами (функцио-
нирование языков, языковая ситуации и др.), которыми специально 
не занимается ни одна наука, ни одно направление языкования» 
[11,7.]. 
Екінші көзқарасқа
сүйенсек, әлеуметтік лингвистика – ғылым-
дардың шекаралық, пәнаралық саласы. Оның проблемаларымен 
лингвистер және өзге ғылым - әлеуметтану, тарих, психолин-
гвистика, этнография т.б. өкілдері айналысады. Соған байла-
нысты оның зерттеу нысаны мен әдістері жөнінде лингвистер 
мен өзге ғылым салаларының, мысалы, әлеуметтанушылардың 
көзқарастары әртүрлі деңгейде болып, бұл кең пәнаралық са-
ладан өзіндік терминологиялық белгілері бар түрлі бағыттар 
шығады. Сондықтан неміс лингвистері 
Р.Горссе
мен 
А.Нойберт
әлеуметтік лингвистика мен тіл социологиясын (лингвосоциологи-
яны) айырып көрсетуді ұсынады. Оның біріншісі, яғни әлеуметтік 
лингвистика тіл мен қоғамның өзара байланысы проблемасын 
лингвистикалық тұрғыдан зерттейді, ал екіншісі, яғни лингво-
социология оны әлеуметтану тұрғысынан қарастырады. Демек, 


21
Р.Горссе мен А.Нойберт «Тезисы к марксисткой социолингвисти-
ке» атты мақалаларында: «Социолингвистика – исследует взаи-
моотношения языка и общества с точки зрения лингвистики, в то 
времия как исходным пунктом социологии языка является социо-
логичиская постоновка вопроса», - деп санайды [12]. 
Л.Б.Никольский
әлеуметтік лингвистика мен лингвосоциоло-
гияны ажырата келіп, біріншісі әлеуметтік құбылыстар мен про-
цестердегі тілдік бейнелерді зерттеумен айналысса, екіншісі де сол 
нысананы тек әлеуметтану тұрғысынан зерттейді дейді [9,131.]. 
Әлеуметтік лингвистиканың ғылыми мәртебесі жөніндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет