27
жоғарыда көрсетілген ұғымдардың
кейбіріне анықтама бере-
міз, олардан шығатын проблемаларды қарастырамыз. Жалы бұл
ұғымдар туралы арнайы әлеуметтік
лингвистикалық сөздікте
нақты мәліметтер берілген [14].
1.4.1 Тілдік қауымдастық
Бір қарағанда тілдік қауымдастық ұғымы түсіндіруді
қажет
етпейді – бұл бір тілде сөйлейтін адамдар бірлігі. Алайда,
шындығында, бұлай түсіну жеткіліксіз. Мысалы, Францияда
тұратын француздар мен французша сөйлейтін канадалықтар бір
қауымдастық құрамайды. Бір тілдік қауымдастыққа ағылшындар
мен американдықтарды (екеуі де ағылшынша сөйлейді),
испандықтар мен Латын Америкасының испан тілді тұрғындарын
жатқыза алмаймыз. Тіл бір, бірақ қауымдастық әр түрлі.
«Тілдік қауымдастық» түсінігі
арнаулы әдебиеттерде ішкі
топтық қарым-қатынас жасау мақсатында белгілі бір тілді
қолданатын адамдардың тұрақты тобы деп анықталып жүр [15].
Кез келген әлеуметтік топ мынадай бес түрлі белгімен сипатта-
лады:
1.Топтық байланыс типі.
Мұнда адамдардың достық немесе
туыстық қарым-қатынасымен байланысқан формалды емес тобы
мен туыстық немесе достық қатынасы жағынан байланыспайтын
формалды (саяси партия, жұмыс ұжымы т.б.) топтарын айыру ке-
рек.
Достарыңызбен бөлісу: