үшінші көзқарас
бойынша, әлеуметтік лингвистика өзінің зерттеу
әдістері мен тәсілдерге ие біртұтас, жеке ғылыми пән. «
Харак-
терной чертой современной социолингвистики является, на наш
взгляд,
- деп жазады
А.Д.Швейцер,
-
не просто механическое сое-
динение соответствующих разделов языкознания и социологии, а
объединение их на основе единой теории, единого понимания объ-
екта и целей исследования, единого понятийного аппарата и об-
щей совокупности исследовательских процедур
» [10,58.].
Жоғарыда аталған әрбір көзқарас ғалымдардың түрлі пайымда-
уларынан шыққан тұжырымды объективті фактіні көрсетеді.
Шындығына келгенде әлеуметтік лингвистиканың лингвистика-
дан, сондай-ақ әлеуметтанудан барлық белгілері бойынша толық
бөлектенген өз алдына жеке ғылыми пән ретінде тану әлі ертерек
сияқты.
1.3 Әлеуметтік лингвистиканың қарауына жататын негізгі
проблемалары
Жалпы тіл біліміндегі жоғарыда көрсетілген ғалымдар пікір-
лері мен көзқарастарын, сондай-ақ осы сала бойынша арнаулы
оқулықтар мен оқу құралдарын (солардың ішінде В.Д.Бонда-
летовтың «Социольная лингвистика» атты жоғарғы оқу орын-
дары студенттеріне арналған оқу құралын) негізге ала отырып,
әлеуметтік лингвистиканың қарауына жататын негізгі проблема-
ларды төмендегідей ретпен қарастырамыз:
22
1.Әлеуметтік лингвистика тілдің құрылымын, дамуы мен
қызмет етуін қоғамдық бірлікте қарастырады, тілдің қоғамға,
қоғамның тілге әсер етуін зерттейді.
2.Тілдің қоғамдық қызметін, оның түрлерін және тілдің
қызмет етуінің нақтылы-тарихи әлеуметтік жағдайда тәуелділігін
зерттейді.
3.Тілдің өмір сүру формаларын, яғни әдеби тіл және бейәдеби
формаларды: ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, әлеуметтік
диалектілер тілдің басқа да өмір сүру формалары қарастырады.
4.Тілдің саралануының негізгі түрлерін: әлеуметтік, қызметтік,
стильдік, аумақтық т.б. қолданыстарын, тілдің саралануына әсер
ететін қоғамдық факторлары: қоғамдық өмір салалары, әлеуметтік
орта, сөйлеу жағдаятын т.б. зерттейді.
5.Әлеуметтік-коммуникативтік жүйе, оның компаненттерін,
яғни әлеуметтік лингвистиканың бірден-бір маңызды нысанасы
болып табылатын этнолингвистикалық және тілдік жағдаят про-
блемасын, ондағы біртілділік, қостілділік, көптілділік және ди-
глоссия мәселелерін зерттейді.
6.Тіл дамуындағы қоғамдық шарттылықты, түрлі қоғамдық
тарихи формациялардағы тілдердің әлеуметтік типтерін (рулық,
тайпалық тілдер, халық тілі, ұлт тілі, диалектілер, ұлтаралық тіл-
дер, койне, пиджин, креоль-тілдер т.б.) қарастырады.
7.Әдеби тіл, оның басты белгілері мен қызметін, тілдік
норманың әлеуметтік қырларын, тілдің стильдік саралануын,
олардың экстролингвистикалық құбылыстарға тәуелділігін
(сөйлеу мазмұны, бағыты, адресанты, адресаты т.б.) зерттейді.
8.Сөйлесім әрекетін, ондағы өзгерістер және оның әлеуметтік
жағдаятқа тәуелділігін, сондай-ақ сөйлеушілердің әлеуметтік бел-
гілерін (жасы, білім деңгейлері, кәсібі т.б.) қарастырады.
9.Тілдердің әлеуметтік лингвистикалық классификациясын,
яғни тілдердің атқарып отырған қоғамдық қызметі бойынша топ-
тастырылуын, әлемдік тілдер, олардың әлеуметтік қызметі мен
құрылымдық мәнін (кең таралымдығы, саналы түрде таңдалып
қабылдануы, қызмет ету аясы, өзіндік құрылымдық ерекшелігі,
23
байлығы мен тұжырымдылығы т.б.), болашақ тілі жөніндегі
мәселелерді нысана етеді.
10.Халықаралық көмекші тілдер проблемасын, эсперанто, эдо,
воляпюк және басқа да жасанды тілдер, олардың қолданылу ая-
сын, Интерлингвистика мәселелерін зерттейді.
11.Әлеуметтік диалектология проблемаларын қарастырады.
12.Тіл құрылымындағы және оның жекелеген бөліктеріндегі
әлеуметтік өзгерістерді, тілдегі прогресс ұғымын, адам және тіл
проблемасын, тіл дамытудағы алдын ала ұйымдастырылмаған
(стихиялы) және саналы түрдегі әрекеттерді, оларға әсер етуші
факторлары, тіл дамуын саналы түрде жоспарлау, реттеу пробле-
масын, тілге саналы әсер етудің типі мен формаларын (тілді сақтау
және қарым-қатынас құралы ретіндегі жарамдылықта дамыту,
қызмет аясын кеңейту, сөздік қорының толығуына мүмкіндік жа-
сау, орфографиялық, пунктуациялық, орфоэпиялық және лексика-
фразеологиялық нормаларды жетілдіру.) т.б. мәселелерді зерттей-
ді.
13.Осы заманғы әлеуметтік лингвистикалық прогрестің ба-
сты заңдылықтарын, ғылыми-техникалық прогресс заманындағы
тіл ахуалын, қоғамға, тілге ғылыми-техникалық базистің әсер
ету сипаты мен салдарын, тілдің ғылыми стилінің дамуын,
терминологиясының жетілуі мен ғылыми-техникалық термино-
логия арқылы жалпы (халықаралық) қордың ұлғаюын, тілдегі
өзгерістер қарқынының қоғам дамуына тәуелділігін т.б. проблема-
ларды қарастырады.
14.Тіл саясаты, оның өзіндік бағыттарын, типтік түрлерін (ал-
фавит жасау және оны жетілдіру, тілдерді ана тілі, мемлекеттік
тіл, халықаралық тіл, аймақтық тіл т.б. ретінде дамыту шаралары,
әдеби тілдің лексикасы мен синтаксисі, олардың қызметтік стилін
дамыту, әдеби тіл нормаларын жетілдіру) зерттейді.
15.Дамыған қоғамдағы тіл, ұлттық және ұлтаралық тілдер про-
блемаларын қарастырады.
16.Мемлекеттік (ресми) тіл мәселесін, оның мәні мен қызметін сөз
етеді, әлемдік үлгі-тәжірибелерді қорытады, үлгі ретінде ұсынады.
24
17.Қазіргі әлеуметтік лингвистиканың құрылымын: синхрон-
ды және диахронды, жеке, салыстырмалы-салғастырмалы, жалпы
теориялық және қолданбалы әлеуметтік лингвистика мәселелерін,
әлеуметтік лингвистиканың лингвистикалық және қоғамдық-
гуманитарлық ғылымдармен байланысын, олардың ішінде алатын
өзіндік орнын анықтайды.
18.Әлеуметтік лингвистиканың өзіндік әдістері мен тәсілдерін,
материал жинау көздерін, сұрау салу, оның түрлерін, эксперимент-
тер, оның түрлерін, сауалнамалы бағдарламаларды, сұрақтарды
пайдалану жолдарын, материалды талдау, оның әдістерін таңдау
мәселелерін, олардың тиімділік дәрежесі мен негіздемелерін ар-
найы зерттейді.
19.Әлеуметтік лингвистика тарихына қазіргі әлеуметтік лин-
гвистиканың Еуропадағы, Америкадағы және Шығыс елдері тіл
білімдеріндегі даму көздеріне, АҚШ, Франция, Англия, ФРГ, Ита-
лия, Ресей және Жапониядағы қазіргі әлеуметтік лингвистикалық
зерттеулерге шолулар жасалады.
20.Қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың қалыптасуы мен
дамуын, қазіргі проблемаларын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |