Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Байланыстың ұзақтық дәрежесі



Pdf көрінісі
бет16/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111
2.Байланыстың ұзақтық дәрежесі.
Мұнда белгілі бір 
мақсатқа жеткеннен кейін тарап кететін уақытша топтар мен жеке 
адамның өмір бойғы немесе одан да ұзақ тұрақты (ұзақ мерзімді) 
тобы ажыратылады. Осындай екінші типке этнос (тайпа, халық, 
ұлт ) жатады.
3.Топ саны.
Аз санды әлеуметтік топ деп барлық мүшелері 
бір-бірімен жекелей байланыс жасау мүмкіндігіне ие болатындар-
ды айтамыз. Үлкен әлеуметтік топ мұндай мүмкіндікке ие емес. 


28
Мұндағы мүшелердің өзара байланысы басқаша (әкімшілік ұжым, 
жазбаша қатынас, бұқаралық ақпарат құралдары т.б.) болады.
4.Мүшелік ерекшелігі
.
Топқа мүше болу кейде автоматты 
түрде, яғни туа салысымен болуы не белгілі бір топтық ынтымаққа 
жеткенге дейін ерікті түрде, яғни жеке адам саналы түрде топты 
таңдап мүше болуы мүмкін.
5.Топтың ынтымақ типі
.
Әлеуметтік топ мүшелері арасын-
да ортақ мүддеге байланысты белгілі бір қатынас типі белгілене-
ді. Мұнда туыстық, этникалық, сяси, кәсіби, топтық және тілдік 
ынтымақ болып бөлінеді [16,33.]. 
Жоғарыда санамаланып көрсетілген белгілер негізінде алғашқы 
(первичный) тілдік қауымдастықты формалды, ұзақ мерзімді, ав-
томатты мүшелікті және ынтымақта болатын үлкен әлеуметтік 
топ деп анықтауға болады. Тіл бұл жағдайда жеке адамдар мен 
ұжымның мүдделері арасындағы қарым-қатынасында байланы-
стырушы звено ретінде көрінеді.
1.4.2 Тілдік тұлға
Тілдік тұлға – тұлғаның лингвистикалық, әлеуметтік, 
интелектуалдық, этикалық, эмоциялық және т.б. бірліктерінің тіл-
де, сөйлеуде, дискурста, мәтінде жүзеге асырылуы. Тілдік тұлға 
ұғымына тілдік сана-сезім, сөйлеу мәдениеті, тіл және ойлау, тіл 
және сөйлеу, тіл және мәдениет арасындағы байланыстарды, тілдің 
өмір сүру формаларын және т.б. жатады. Тілдік тұлға құрылымы 
(Ю.С.Караулов бойынша) үш деңгейден тұрады: 
а) вербалді-семантикалық, яғни тілді білу деңгейі; 
ә) әлемнің тілдік бейнесіндегі ұғым, идея концептісін қоса 
алғандағы когнитивті деңгейі; 
б) мақсат, уәж, қызығушылық, интенциямен анықталатын 
прагматикалық деңгейі. 
Қазіргі кезде ғалымдардың (А.Байтұрсынұлы), тарих тұлға-
лардың (Абай Құнанбаев), әртүрлі әлеуметтік деңгейлердегі ауыл 
және қала тұрғындарының т.б.с тілдік тұлғалары сипатталып, 
жинақталуда.


29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет