Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


норманың сөйлеу жағдайына тәуелділігі, норманың қарым-



Pdf көрінісі
бет18/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   111
норманың сөйлеу жағдайына тәуелділігі, норманың қарым-
қатынастық мақсаттылығы
(коммуникативный целосообраз-
ностью) деп аталады.
Норма ұлттық тілдің басқа жүйелерін: диалекті, ауызекі тіл, 
жаргондарда кездесе ме? Айталық, елдің белгілі бір бөлігінде 
тұратын, сол жердің жергілікті ерекшеліктерімен сөйлейтін 
адамдар белгілі бір белгіленген тәртіпте, бірнеше ғасырлық 
әдетке, дәстүрге сәйкес сөйлейді. Тілдік құралдарды белгілі бір 
дәстүрмен қолдануы ұлттық тілдің өзге де жүйелерінде бар. 
Соған қарағанда бұл сол жүйелер үшін норма деп айтуға бо-
лады. Алайда әдеби норманың диалектілік немесе жаргондық 
нормалардан өзіндік айырмасы бар. Әдеби норма саналы түрде 
енгізіледі. Ол сөздіктер мен грамматикаларда көрсетіледі, оны 


31
мектепте оқытады, оны баспасөзде, радио мен теледидарда на-
сихаттайды. Адамдардың барлық мәдени қатынастары, әдетте, 
әдеби тіл нормасымен жүзеге асырылады. Ал диалектіде, ауызекі 
сөйлеу мен жаргондарда бұл жоқ. Оларда тек тілдік құралдарды 
қолданудың дәстүрі ғана бар. Диалектіде сөйлейтіндердің 
ешқайсысы сөйлеудің диалектілік үлгілерін саналы түрде еш 
жерден ешқашан ала алмайды.
Осыған қарағанда норманы екі түрлі түсінуге болады: бірі 
– кең мағынада: норма «қалай айтуға болады» дегенмен емес, 
қарастырып отырған қоғамдағы сөйлейтін «дәстүр бойынша 
айтылғанға» сәйкес келеді. Ал тар мағынада: бұл белгілі бір тіл-
дік құралдарды пайдалануға ұсынылатын үлгі ретінде таңдау мен 
тіркеу бойынша қоғамның мақсатты бағытталған іс-әрекетінің же-
місі.
 
1.4.5
Тілдік және тілдік емес қарым-қатынас: қатынас 
жағдаяты және ортасы
 
Түрлі салаларда қолданылатын «коммуникация» деген кірме 
сөзді (терминді) қазақ тілінде «қарым-қатынас» деген қос сөзбен 
балама түрінде қолданып жүрміз. Қарым-қатынас (коммуника-
ция) термині көпмәнді. Мысалы, ол «бұқаралық қарым-қатынас 
құралдары» (баспасөз, радио, теледидар мағынасында) деген тірке-
сте, сондай-ақ техникада, байланыс салаларында т.б. қолданылады. 
Ал әлеуметтік лингвистикада қарым-қатынас (коммуникация) – 
бұл сөйлесу, пікір алысудың синонимі. Ол көбінесе сол сөйлеу, 
пікір алысудың әр алуан сипатын белгілеуде қолданылады. Мы-
салы, қарым-қатынас жағдаяты, қарым-қатынасқа түсушілер, 
қатысушылар т.б.
Қарым-қатынас тілдік және тілдік емес (немесе басқаша 
айтқанда вербальді және вербальді емес) болуы мүмкін. Айталық, 
кейбір спорттық ойындарда (баскетбол, футбол, волейбол) адамдар 
бір-бірімен қатынас жасауда тілді қолданбауы немесе ішінара 
«Бер!», «Ал!» деген қысқа лепті сөздермен беруі мүмкін. Осыған 


32
қарағанда көптеген дене қимылындағы жұмыстар тілдік қарым-
қатынасты қажет ете бермейді. Мысалы, шуылы көп әрі жоғары бо-
латын кейбір зауыт, фабрика цехтарында адамдар қарым-қатынасы 
сөзсіз, тілсіз (қимыл-қозғалыс (жест) көмегімен) жүріп жатады. 
Алайда адамдар қарым-қатынасының маңызды бөлігі тіл 
арқылы жүзеге асатыны (өйткені тілдің басты қасиеті – қарым-
қатынас жасау болып табылады) белгілі. Міне, осы мәселелерді 
алдымен әлеуметтік лингвистика зерттейді.
Тілдегі қарым-қатынас жағдаяты процесінде жүзеге асады. 
Қарым-қатынастық жағдаят өзіндік құрылымдық жүйеге ие. Ол 
мынадай компоненттерден тұрады: 
1) сөйлеуші (адресант); 
2) тыңдаушы ( адресат); 
3) сөйлеуші мен тыңдаушы қатынасы және сонымен байланы-
сты әрекеттер; 
4) қатынас түрі (ресми – бейресми – достық); 
5) мақсаты;
6) қатынас құралы (тіл немесе оның кіші жүйелері – диалек-
ті, койне, жаргон, сондай-ақ тілден тыс қатынас құралдары – же-
стілер, мимикалар); 
7) қатынас тәсілі (жазбаша, ауызша); 
8) қатынас орны. 
Қарым-қатынас жағдаятының бұл компоненттері өзгермелі
құбылмалы. Осылардың әрқайсысының өзгеруі қарым-қатынас 
жағдаятын өзгертуге алып келеді және қатынасқа түсушілердің 
қолданатын құралдарының алмасуына, жалпы олардың бүтіндей 
қарым-қатынастық қабілетін өзгертуге әкеледі.
Қарым-қатынас ортасы – салыстырмалы түрде ішкі қарым-
қатынастық байланыстары тұрақты әрі жүйелі және белгілі бір 
аумақтық шектен шықпайтындығымен сипатталатын тарихи 
қалыптасқан этно-әлеуметтік-тілдік бірлестік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет