63
бір-біріне ұқсамайтын тілдік ерекшеліктерін көрсетуге, белгілеуге
қолайлы атау.
Социолектер бүтіндей қарым-қатынас жүйесін көрсете алмай-
ды. Бұл – сөз,
сөз тіркесі, синтаксистік құрылымдар түріндегі
сөйлеу ерекшеліктері. Мысалы, қазіргі студенттер жаргонында
көптеген арнайы атау сөздер,
әсіресе метафоралық, бейнелі тір-
кестер: «тар жол тайғақ кешу» (сессия, емтихан), «кездеспей кет-
кен бір бейне» (тәлімгер) т.б. Бұлардың септеліп, жіктеліп сөйлем
құрамына енуі жалпы тілдік үлгілер мен нормалар арқылы жүзеге
асады.
3.1.5 Койне
Койне – грек сөзі, koine. Koinos – «жалпы»
деген мағынаны
білдіреді. Ол ертеректе грек сөйлеу тілінің түрлі диалектілерін-
де сөйлеушілер үшін жалпы, ортақ тіл қызметін атқарған. Бұл тіл
Аттика аумағының орталығы Афинада шамамен б.э.д. IV ғасырда
қалыптасқан. Қазіргі кезеңде ол лингвистикада тілдің өмір сүру
формаларының бір түрі – жалпыланған сөйлеу типін белгілейтін
термин ретінде қолданылады.
Қазіргі тіл ғылымында ауызекі сөйлеу тілінің диалектіүстілік
формалары бойынша жемісті зерттеулер авторы А.В.Дисницкая
және басқа да ғалымдар тілдің осы формасына байланысты
қолданылатын атаулы сөз-терминдер ішінен (койне, интердиалект,
жартылай диалекті, мәдени диалекті т.б.) аралық термин ретінде
койне терминін ұсынады. Ал өзге терминдерді сол койненің кейбір
түрлерін ажыратып атауға пайдаланады [24].
Койнені сипаттайтын негізгі анықтаманы В.А.Аврорин ұсынды.
Ол: «Койне можно определить
как средство междиалектного, а
иногда и межнационального общения, возникающее первоначаль-
но в торговых, военных, культурных целях на базе одного из груп-
пы близких диалектов, постепенно впитывающее в себя так же и
некоторые специфические особенноти других диалектов (иногда
языков)» [25, 60.].
64
Диалектаралық қатынас құралының пайда болуының әлеу-
меттік негізі – қала немесе елдің белгілі бір аймағында тұратын
тұрғындардың аралас құрамды болуы. Койне осыған сәйкес
қалалық және облыстық (ауылдық) болып бөлінеді. Олардың пай-
да болуы құл иеленушілік және феодалдық кезеңге жатады.
Ұлттық кезеңге дейін пайда болған қала койнелері тек күнде-
лікті қарым-қатынасты қамтамасыз
ететін диалектіаралық тіл
қызметін ғана емес, қарым-қатынастың одан да жоғары салала-
рында – сот ісін жүргізуде, қала басқармаларында, сондай-ақ ауыз-
ша
поэзияда, халықтық салт-дәстүрлерде қолданылған [24, 6-10.].
Осындай қала койнелері кейініректе қалалардың экономика-
лық, мәдени және тілдік өмірге әсер етуінен аймақтық койнелерге
айналды.
Тарихи койнелер жазба тілдің пайда болуына көп көмегін тигізді.
Ол көбінесе әдеби тілдің базасы болып табылады. Айталық, Лондон
койнесі ағылшын әдеби тілінің, Пекин койнесі қытай әдеби тілінің
негізі болды. Ал Эдо қаласының койнесінен жапон әдеби тілінің
негізі қаланған. Осындай жайларды славян халықтарынан көруге
болады. Мысалы, Москва мен Москва аумағында солтүстік және
оңтүстік диалектілердің ұзақ уақыт өзара арласуынан орта орыс
говоры – койне қалыптасқан. Бұл койне кейініректе орыс ұлысы
мен ұлтының әдеби тілінің негізі болды. Болгар әдеби тілі болгар
тілінің шығыс диалектісінің орталық Балқан говорының негізінде
қалыптасты. Серб-Хорват әдеби тілінің серб варианты шығыс го-
ворлары, оның ішінде белградтық койне базасы негізінде, ал хор-
ват варианты батысындағы загреб койнесі базасында қалыптасты.
Міне, тілдің өмір сүру формасы ретінде қала койнелерінің, яғни
әдеби тіл негіздерінің рөлі ұшан-теңіз.
Белгілі тарихи жағдайларда жергілікті
диалектілердің өзара
қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болатын облыстық (ауылдық)
койнелер де біршама. Оның нақты мысалына Дағыстандағы авар
тілі диалектілерінің арасынан пайда болған болмац интердиалек-
тісін айтуға болады. Ол жайында Дағыстандағы әдеби тілдерді
зерттеген ғалым Ш.И.Михайлов былай дейді: «Болмац, возник-
65
ший на основе северных диалектов аварского языка, издавна ис-
пользуется аварцами для общения с представительями иных ди-
алектов этого языка. Задолго дореволюции на болмаце стали из-
даваться многочисленные произведения
религиозного характера,
которые определенным образом воздействавали на последующее
развитие аврского литературного языка. На этом языке после Ве-
ликой Октябрьской социалистической революции появились пер-
вые произведения молодой аварской художественной литературы.
Существование у аварцов языка междиалектного общения во мно-
гом облегчило процесс формирования и развития аварского лите-
ратурного языка» [26, 98.].
Достарыңызбен бөлісу: