Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет45/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   111
р/с
Тілдердің қарым-
қатынастық рангілері
Тілдердің жекелеген рангілері бойынша 
жүзеге асырылатын қарым-қатынастық 
көлемі
1
Әлемдік тілдер
2
Халықаралық тілдер
3
Мемлекеттік тілдер
4
Аймақтық тілдер
5
Жергілікті тілдер
Әлемдік тілдер.
Бұлар – этносаралық және мемлекетаралық 
қатынастардағы, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың ресми және 
жұмыс тілдері деген мәртебесі бар тілдер. Оларға: ағылшын, араб, 
испан, қытай, орыс, француз тілдері жатады.
Бұл алты тіл БҰҰ-ның басты органдарында (Халықаралық 
соттан басқасында) ресми тіл болып табылады. Гаагадағы 
Халықаралық Соттың ресми тілі – француз және ағылшын тіл-
дері. Ал Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеяда олар жұмыс тіл-
дері деп аталады. Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық 
Ұйымында (ЕҚЫҰ – ОБСЕ) ресми және жұмыс тілдері: ағылшын, 
испан, италян, неміс, орыс және француз тілдері болып табылады.
Кейбір тілдер БҰҰ-ның құжат тілі мәртебесін алған. Бұл тіл-
дерде ресми түрде Бас Ассамблеяның және Қауіпсіздік Кеңесінің 
резалюциялары, баяндамалары (толықтай немесе ішінара) аудары-
лады. Мұндай мәртебедегі тілге көбіне неміс тілі жатады.
Халықаралық тілдер.
Бұлар - халықаралық және этносаралық 
қатынаста кең қолданылатын және бірнеше мемлекеттерде мемле-
кеттік немесе ресми тіл деп заңдастырылған мәртебесі бар тілдер. 
Олар: 1) португал тілі; 2) Малай-индонезия тілі (Малай архипила-
гы елдерінде – Индонезия, Малайзия, Филипинде қолданылады); 
3) вьетнам тілі (ол 57 млн. халқы бар Вьетнамның 51 млн. адамның 
ана тілі, ол бұдан басқа ресми тіл, сондай-ақ ол Комбодже, Лаос, 
Тайланд, Жаңа Каледон, Франция, мен АҚШ-та кеңінен таралған); 
4) Сухали (ағылшын тілімен бірге ресми тіл ретінде Танзания, Ке-


76
ния, Угандада қолданылса, Заир мен Мазамбикте де таралған; су-
халиді кейде лингва франка деп те атайды. Шығыс және Орталық 
Африкада бұл тілде шамамен 50 млн. адам сөйлейді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет