Тұрмыс пен отбасы саласына
қатысты сөз болғанда, отбасы
- қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды бірлік бөлшегі
екендігін, соған сәйкес әлеуметтік қызметтер атқарылатындығын,
қоғам өмірінің дамуында маңызды рөл атқаратынын айту ләзім.
Қатынас саласы ретіндегі бұл қоғамның маңызды бөлігі қалалық
және ауылдық отбасы; аралас некелі және бір этносты отбасы; ата-
85
аналарының ана тілі бойынша; балалары меңгерген тілі бойынша;
отбасы мүшелері арасындағы үйдегі қатынаста қолданылатын тіл
не тілдерге (ата-аналарының балаларымен, балаларының өзара,
балаларының ата-аналарымен, ата-аналарының өзара қатынасында
қолданылатын тіл немесе тілдерге) көзқарасы тұрғысынан
қалыптасқан отбасылар болады.
Тілдің қызметтік жүктемесін анықтауда отбасы мүшелері қай
тілде көркем және басқа да әдебиеттерді, газет, журналдарды оқуға,
радио тыңдауға, теле-хабарларды көруге ықылас білдіретіндігі
нақтылы көрсеткіш бола алады. Сонымен қатар осыған туыстары-
мен, жақындарымен, көршілерімен және достарымен ауызша жаз-
баша қатынастардағы тілді де қосуға әбден болады. Бұл тұрғыдан
қарағанда, Алматы облысындағы қазақ отбасыларында қазақ
тілінің дағдылы, жақсы қолданылатындығы байқалады. Бұған об-
лыс тұрғындарының 67,7 пайызын қазақтар құрайтындығы да се-
беп болса керек.
Бұқаралық қарым-қатынас саласы
хабар көздері мен оларды
алушылардың арасындағы өзара хабар қозғалысының байланы-
старынан тұратын жүйені көрсетеді. Бұқаралық қарым-қатынас
саласының қосымша салаларына: мерзімді баспасөз (газет, жур-
нал, брошюралар, кітапханалар т.б.) теледидар және радио хабар-
лары, кинофильмдерді жалға беру, дыбыс жазу, грампластинкалар,
магнитофондық таспалар шығарушылар жүйесі т.б. жатады.
Бұл саладағы тілдердің қоғамдық қызмет етуіне, яғни қазақ,
орыс және өзге де тілдердегі баспа өнімдерінің тақырыбы мен
тиражына осы тілдердегі теле және радио бағдарламалары
және олардағы сағат санына, қазақ тілінде берілетін түрлі
жарнамалардың, кино өнімдерінің сапалығы, олардың аударылу
мәселелері, жергілікті телестудиялардағы хабар өнімдерінің тілі
мен олардың тартымдылығы, таралу жағдайлары жатады.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды
көпшілікке тарату бағытында төмендегідей мәселелерге ерекше
көңіл бөлінген:
86
1.Масс-медиа құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесін
арттыру.
2.Ақпараттық технологиялардағы мемлекеттік тілді пайдалану-
ды сүйемелдейтін өнімнің үлесін көбейту.
3.Мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі креативті шешімдер
орталығын құру.
4.Мемлекеттік тілде сөйлеушілердің жағымды бейнесін наси-
хаттау жөніндегі материалдардың БАҚ-тардағы санын көбейту.
5.Мемлекеттік тілді көпшілікке тарату міндеттерін шешуге
бағытталған әлеуметтік маңызды жобалардың саны арттыру.
Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2012 жылдың
бірінші жартыжылдығындағы атқарған жұмыстары туралы
ақпаратына назар салсақ, облыста 65 бұқаралық ақпарат құралдары
қызмет көрсетеді. Оның 2 облыстық, 19 аудандық, қалалық, 39
тәуелсіз мерзімді басылымдар және 5 электронды БАҚ бар.
Мемлекеттік тапсырысты орындаумен 2 облыстық газет, 1
облыстық телеарна және 19 аудандық, қалалық газеттер орындай-
ды. Олар 30 тақырып бойынша мемлекеттік саясатты насихаттауды
жүргізеді. Оның басым бағыттар «Қазақстан-2030» стратегиялық
бағдарламасын, Елбасының дәстүрлі Жолдауын, Үкіметтің елде-
гі экономикалық-әлеуметтік дамуы жөніндегі бағдарламаларын,
жастар саясатын, үкіметтік емес, діни ұйымдардың жұмыстарына
арналады [34]. Осы тұрғыдан қарар болсақ, қазақ тілінің Алматы
облысындағы бұл саладағы қызмет етуі қанағаттанарлық деңгейде.
Айталық 2011 жылы тіл тақырыбына арналған республикалық
бұқаралық ақпарат құралдарында 3 мақала, облыстық, аудандық,
қалалық газеттерде 387 мақала жарияланған. Ал «Жетісу» телеар-
насында 50-ден аса бейнематериал беріліп, айына екі рет «Асыл
сөз» телебайқауы жүргізілген [35].
Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
бастығы Т.Қасымберкебаевтың http://www.egemen.kz сайтындағы
«Басым бағыт» атты мақаласында «Көрнекілік мінсіз болсын»,
«Қазақша сөйлесейік!», «Аялдама аттары қазақ тілінде» акция-
сы аясында Тіл басқармасы «Жетісу» арнасымен бірлескен рейд
87
ұйымдастырып, бірнеше хабар берілгенін айтады. Сондай-ақ оры-
стілді «Огни Алатау» облыстық газетінде айына екі рет «Қазақ
тілін үйренейік» айдарымен сөздік-танымдық сабақ материалда-
ры берілетінін және «Государственный язык», «Язык – душа на-
рода» айдарымен тіл мәселесіне қатысты материалдар тұрақты
түрде шығып тұратынын көрсетеді. Облыстық, аудандық газет бет-
терінде «Тіл бұзарға тосқауыл», «Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?»
рубрикалары ашылып, көрнекілікті ретке келтіру жұмыстары
қолға алынғанын т.б. басқарманың басым бағыттағы шараларына
жатқызады [36].
Қазақ тілінде телерадио таратудың үлесін ұлғайту мен мем-
лекеттік тілдегі интернет-сайттарды дамыту жастардың қазақ
тіліне деген көзқарасын жақсартып, отаншылдыққа бастайтыны
сөзсіз. Осы бағытта басқарма тарапынан жастардың қазақ тілі-
не деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеріп,
оның құдіретін терең түсіне білуіне бастайтын шараларды
ұйымдастырып қолға алғаны абзал болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |