Арнайы тарихи пәндер және оқыту технологиясы кафедрасының магистратура бойынша емтихан сұрақтарының бағдарламасы


Ежелгі Шығыс өркениетінің саяси белгілері



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата21.09.2022
өлшемі444,13 Kb.
#150162
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
6M011400 kz

Ежелгі Шығыс өркениетінің саяси белгілері. 
Ежелгі Шығыс өркениетінің ерекшеліктері 
мен маңызы. Өркениеттің қалыптасуы мен дамуы. «ЕжелгіШығыс» деп қай мемлекеттерді 
айтамыз. Олардың қалыптасуы мен дамуы. Мемлекеттің пайда болуы мен өркендеуі. Шығыс 
елдеріндегі мемлекеттік құрылыс. Ежелгі Шығыс халықтарының тілі, шаруашылығы, діні, 
қоғамдық құрылысы мен мәдениеті. «Шығыс деспотизмі»дегеніміз не. Ежелгі Шығыс 
өркениетінің ескерткіштері, ежелгі Шығыс өркениеті дүниежүзілік өркениеттің бір құрамдас 
бөлігі. Шығыс пен Батыс өркениеті. Өркениеттің түрлері оның ішіндегі Шығыс өркениеті. 
 
Өкіметтің деспоттық белгісі. Өкімет билігінің билеуші қолына жинақталуы. Өкіметті мұралық 
жолмен билеудің орнауы. Билеуші өкімет орындарының қалыптасуы. Коп санды әскери күштердің 
қалыптасып дамуы. Заң шығарушы өкімет орындарының пайда болуы.
Ежелгі антикалық қоғам өркениетінің белгілері.
Антикалық өркениет. Оның белгілері 
мен ерекшеліктері, дамуы. Антикалық қоғам-Греция мен Рим мемлекеттерінің қалыптасуы мен 
даму заңдылықтары. Демократия.Республика. Полистер. Мемлекеттік билік. Антикалық қоғамның 
өзіне тән белгілері. Антикалық мәдениет және оның мұралары. «Антикалық қоғам» оның белгілері 
мен ерекшеліктері. Греция мен Рим мемлекетінің мемлекеттік құрылысы, саяси, экономикалық, 
әлеуметтьік және мәдени дамуына кешенді түрде сипаттама беру. Демократия, халық билігі, сот 
істері, заңдар және оларды жүзеге асыру. Сыртқы және ішкі саясаты. Антикалық өркениеттің өзіне 
тән белгілері мен ерекшелігі. Антикалық өркениет ес керткіштері, мұралары. 
Антикалық дүниенің саяси белгілері. 
Демократия мен республикалық биліктің алғашқы 
белгілерінің пайда болуы. Азаматтық құқық пен сот жүйесінің негіздерінің қалыптасуы.
Коллективтік өкімет билігі принципінің пайда болуы. Мемлекеттегі соғыс ұйымдарының дамуы.

Жеке адамның тарихтағы орны (Ю.Г.Цезарь, П.К.Тацит). 
Жеке адамның тарихи 
дамудағы орнына сипаттама беру. Қоғамдық қызметі, қоғамға сіңірген еңбегі, творчествалық 
табыстары. Қолбасшылық, саясаткерлік және мемлекет қайраткері ретінде қоғамдық дамуға әсері. 
Ю.Г.Цезарь, П.К.Тациттің өмірі мен қызметіне және қоғамдағы алатын орнынна тоқталу, жеке 
тұлға ретінде портретін жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет