XVIІ-XVIII ғғ. бірінші ширегіндегі жонғар басқыншылығына қарсы қазақ халқының
азаттық күресі. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасының тарихнамасы. Жәңгір ханның (1628)
Жоңғариямен азаттық үшін соғысуы. ХҮІІІ ғ. басында қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі.
20-40 жж. жоңғарлардың Қазақстанға басып кіруі. «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама»
жылдары. Оңтүстік қалалардан айрылу. Ордабасындағы съезд. Қазақ халқының жоңғарларға
қарсы азаттық күресі. Аңырақай шайқасы.
Абылай хан - саясаткер және дипломат.
Абылайдың (Әбілмансұрдың)
әскери және
мемлекеттік қызметінің басталуы. Оның ішкі және сыртқы саяси ұстанымдары. Абылай –
мәмлегер. Жоңғариямен,
Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. Жоңғарияның талқандалуы.
Шығыс Қазақстан мен Іле өңіріндегі тарихи қазақ жерлерінің қайтарылуы. Қазақстанның
тәуелсіздігі жолындағы күресте Абылайдың тарихи орны.
Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресі.
Қазақтардың 1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілісі: қозғаушы күштері, барысы,
негізгі кезеңдері және жеңілу себептері. Біртұтас мемлекеттілікті
қайта қалпына келтіру
жолындағы күрес. Кенесары хан тарихи әдебиетте.
Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесі: процестің мәні, мәселеге жаңаша көзқарас.
Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихнамасы. Ресей империясының
бейбіт және әскери
отарлау әдістері. Отарлаудың экономикалық, әскери,
дипломатиялық, рухани қырлары мен іске
асу барысы. Ресейдің Қазақстандағы ықпалының нығаюының салыстырмалы талдауы.
Патшалық биліктің қоныс аудару саясаты. Жергілікті халықтың жерін тартып алу.
Қазақ жерін Ф.Щербина, В.Кузнецов, П.Румянцев экспедицияларының тексеруі.
Қоныс аудару
туралы заңдар және оның сипаты. «Село тұрғындары мен мещан-жер өңдеушілерді қоныстандыру
туралы» Уақытша ережелердің (6 маусым 1904 ж. Және 9 шілде 1919 ж.). «Ақмола, Семей, Торғай,
Орал облыстарындағы қоныстанушыларға, сондай-ақ мемлекеттік
қажеттіліктерге арналған
мемлекеттік жер қорын анықтау тәртібі жөнінде» деген заңдардың мазмұны. Столыпиннің
аграрлық реформасы және Қазақстандағы «жерден ығыстыру» саясатының жүзеге
асырылуы,
оның қазақтардың шаруашылығының дәстүрлі тәсіліне ықпалы. Қазақстандағы қоныстандыру
қозғалысы тарихи әдебиетте.
Достарыңызбен бөлісу: