Қабылдау емтиханының бағдарламасы:
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы
№ 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан
Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен
бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру
ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;
ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген
«
6M011400–Тарих» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.
Құрастырушылар:
т.ғ.д., профессор Төлекова М.К.
т.ғ.д., профессор Сүтеева Қ.А.
т.ғ.к., профессор Нұрманбетқызы Ж.
т.ғ.к., аға оқытушы Нұрман Ш.Т.
т.ғ.к., аға оқытушы Тілеубаев Ш.Б.
Бағдарлама Тарих және құқық институтының Ғылыми кеңесімен бекітілген.
«12» маусым 2018 ж., № 11 хаттама.
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
І Бөлім
ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН
Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихының негізгі тарихи деректеріне сипаттама.
Қазақстан тарихының деректеріне жалпы түсініктеме. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан
тарихының негізгі тарихи деректеріне сипаттама. ІХ-ХІІІ ғ.ғ. араб және парсы деректері. ХІ-ХІІІ
ғ.ғ. Шығыс Европа және Алдыңғы Азия деректері. Грек –Қытай және т.б. деректер. Х-ХІІІ ғ.ғ.
тарихи шығармалар.
Қазақстан аумағындағы тас ғасыры.
Д
әуірлерге бөлу. Қазіргі археологиялық зерттеулер
және олардың нәтижелері. Оңтүстік, Солтүстік –Шығыс Қазақстандағы палеолит ескерткіштері.
Қазақстан территориясындағы Мезолит және Неолит. Ежелгі адамның шаруашылық және
қоғамдық өмірінің эволюциясы.
Қазақстан аумағындағы сақ тайпасының одақтары. Орта Азиядағы біріккен сақтардың,
сарматтардың және басқа автохтонды тайпалардың этногенезі жайлы тарихи деректер.
Қоныстануы. Шаруашылық және қоғамдық құрылысы. Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-
қатынасы. (Иран, Қытай) Сақ мәдениеті. Әлем тарихындағы көшпенділердің ролі.
Үйсіндердің ерте мемлекеттік бірлестігі. Үйсіндер жайлы деректер (Қытай деректері).
Үйсіндердің пайда болуы жайлы пікірлер. Үйсіндердің қоныстану территориясы. Әлеуметтік-
экономикалық тарихы және әскери – саяси ұйымы. Үйсіндер «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДА». Үйсін
мәдениеті.
Достарыңызбен бөлісу: |