ХХІ-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы. - Алматы: Экономика, 2013. -
248 б.
Бұл кітапқа «Ақ жол» Демократиялық партиясының Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қолдауымен 2012 жылғы «Алаш»
қозғалысының 95 жылдығына орай ӛткізген ұлттық ғылыми-практикалық
конференциясында және басқа шараларда жасалған баяндамалар мен сӛздер,
әртүрлі басылымдарда жарияланған сұхбаттар мен мақалалар енген.
Сәрсекеев Қ. Қазақ шаруасы. - Алматы: "GAUHAR" баспасы, 2013. -
510 б.
Қазақ шаруасы! Бұл істі Ұлы Абай, Ыбырай, Шоқан бастаған. Қазақ
шаруасына қазақ болып жан ашу әр қазақтың міндеті, әрі қасиетті борышы.
Сондықтан ба, қазақ шаруасына Әлихан Бӛкейханов, Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан
Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхамеджан Сералин, Бейімбет Майлин
сияқты кешегі Алаш Арыстары, тағы басқа кӛптеген қазақ зиялылары ат
салысты, "ҚАЗАҚ", "АЙҚАП" басылымдарының беттерінде мақала жазып, ірі-
ірі мәселелер кӛтерді. Кӛне архив беттерін ақтарған кісі бұған анық кӛз жеткізер
еді, күні бүгін де бұл іс жалғасын табуда.
Алаш кӛсемсӛзі: 10 томдық. - Алматы: «Ӛнер», 2011.
9-кітап: Сарыарқа. - 320 б.
10-кітап: Сарыарқа. - 360 б.
«Алаш кӛсемсӛзі» сериясымен жарық кӛретін он томдықтың
тоғызыншы кітабы 1917-1919 жылдары Семей қаласында жарық кӛрген
«Сарыарқа» газетінің жарияланымдарына арналды. Бұл - «Алашорданың»
үні болған, қазақ автономиясы үшін күрескен басылым.
«Сарыарқа» газеті таза саяси мәселелерді қозғауымен ерекшеленді.
Онда Алашорда үкіметі мен оның қайраткерлерінің азаттық жолындағы
әрбір қадамдары егжей-тегжейлі баяндалып отырды. Газетте Әлихан
Бӛкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек
Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев, Халел Ғаббасұлы, Райымжан
Мәрсекұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Дӛнентаев,
т.б.таланттар шоғырының кӛсемсӛзі жарияланды.
|