Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы: Ататек, 1995. - 256
б.
Бұл кітапта кеңес ӛкіметі кезінде 60 жылдан астам зерттеуге тыйым
салынған Алаш һәм Алашорда тарихының деректемелік негіздері; ұлттық-
демократиялық
Алаш партиясының дүниеге келуі, оның бағдарламалық
мақсат-міндеттері, Алаш автономиясының іс-әрекеті сӛз болады.
Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1901
ж. - желтоқсан 1917 ж. = Движение Алаш. Сборник документов и
материалов. Апрель 1901 г. - декабрь 1917 г. - Алматы: Алаш, 2004. - Т. 1.
- 552 б.
Жинаққа Алаш қозғалысының қалыптасуының ӛмірлік негіздерін, ұлт
зиялыларының қоғамдық мәселелерді шешу ісіндегі ұстаным мен
ізденістерін, олардың Ресей империясы ӛмірін демократияландыру үшін
күреске атсалысуын, сондай-ақ басқа да ұлт зиялыларымен ара қатынасын
жан-жақты кӛрсетуді мұрат тұтқан құжаттар мен материалдар еніп отыр.
Жинақта Алаш партиясының бағдарламасы қазақ және орыс тілдерінде
берілген.
Алаш және тәуелсіз Қазақстан: идеялар және ұстанымдар
сабақтастығы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
материалдары. 21 қараша 2008 жыл. - Алматы: Абай атындағы
ҚазҰПУ, 2008. - 476 б.
Жинаққа Алаш қозғалысы ардагерлерінің рухына тағзым ету, ұлағатты
істерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатымен ӛткізілген халықаралық
ғылыми-практикалық конференция материалдары енгізілді. Материалдар
жинағына қазақстандық ғалымдармен қоса Түркия, Ресей, Ӛзбекстан,
Қырғызстан т.б. елдердің зерттеушілерінің ғылыми мақалалары кіргізілді.
"Алаш" қозғалысы / Құраст: Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы, И.
Нұрахмет. - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2008. - 324 б.
Бұл анықтамалыққа Алаш қайраткерлерінің ӛмірбаяны, "Алаш"
қозғалысына, партиясына қатысты ұғымдар мен атаулар, сол кезеңнің
тарихи-қоғамдық, мәдени, әдеби дамуын байқататын еңбектер енгізілді.
Алаш қозғалысына қатысқан тұлғалардың деректі тізімі жасалып, ұсынылды.
Сондай-ақ Алаш қозғалысын, оның қайраткерлерінің ӛмірі мен
шығармашылығын зерттеп жүрген ғалымдар жӛнінде де мәліметтер берілді.
|