Әлихан Бөкейхан: ұлттың ұлы тұлғасы


Қамзабекұлы Д. Алаштың рухани тұғыры. - Астана: Ел-шежіре



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата04.10.2022
өлшемі4,64 Mb.
#151609
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
лихан Б кейхан лтты лы т л асы

Қамзабекұлы Д. Алаштың рухани тұғыры. - Астана: Ел-шежіре, 
2008. - 360 б.
Алаш — елшілдік ізденісіміздің жарқын беті. Алаш — елдік-
мемлекеттік рәмізге айналған ұғым. XX ғасырдың басында Ә.Бӛкейхан 
бастаған ұлт қайраткерлері Алаш атын партияға да, үкіметке (ұлт кеңесі) де 
бергенде осы ұстанымды басшылыққа алғаны анық. Азаматтық тарихымыз 
үшін аса маңызды ұлт-азаттық қозғалыс кезеңінде Алаш идеясы — қазақтың 
ұлттық идеясының темірқазығы болды. Зиялылардың Алаш атауын тандауы 
да жайдан-жай емес еді. Ӛйткені Алаш — жаңа түрдегі елшілдік күрестің, 
байырғы айбардың рәмізі-тін. Бұл зерттеуде тарихи Алаш қозғалысының 
рухани тұғыры зерделенеді. 
Пірманов Ә., Қапаева А. Қазақ интеллигенциясы (Ұлттық 
интеллигенцияның қалыптасу тарихынан). Монография. - Алматы: 
Атамұра, 1997. - 160 б.
Кітапта қазақ интеллигенциясы қалыптасуының алғы-шарттарына нақты 
тарихи деректер негізінде тиянақты талдау жасалған. XIX ғасырдың екінші 
жартысы - XX ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси ӛмірінде ұлт 
зиялыларының алатын орны мен атқарған рӛліне лайықты баға берілген. 
Зерттеуде зиялы тұлғалар ӛмір сүріп, қызмет еткен дәуірдің шындығы 
негізге алынып, қазақ интеллигенциясының тарихы ұлттық ерекшеліктермен, 
оның ӛзіндік қадір-қасиетімен және рухани мәдениеттің дамуымен тығыз 
байланысты қарастырылған. 


Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы / Құраст.: С. Қалиев, К. 
Аюбай. - Алматы, 2009. - Т.6. Ұлттық тәлім-тәрбиелік ғылымдардың 
дамып, калыптасу тарихынан (1920-2000 жылдар). – 400 б. 
Тәлімдік Антологияның бұл томында кеңестік дәуірдегі (1920- 2000 
жж.) және егемен Қазақстанның соңғы 15 жылы ішіндегі педагогикалық 
ойлардың дамуы, Қазақстандағы педагогика ғылымының туып, қалыптасып, 
дамуына қазақ зиялы қайраткерлерінің қосқан үлестері кӛрініс табады. 
Бұл том педагогика ғылымының даму тарихын және оған сүбелі үлес 
қосқан жеке қайраткерлердің еңбектерін зерттеуші ғалымдар мен ғылыми 
ізденушілер үшін де, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында педагогика, 
психология, мәдениеттану т.б. пәндерден сабақ беруші оқытушылар үшін де 
дереккӛз болатыны сӛзсіз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет