Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет20/68
Дата07.10.2022
өлшемі3,63 Mb.
#152046
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

2.3. Қазақстандағы 
мүгедектігі бар 
балаларға арналған 
институционалдық 
құрылым
Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды 
қорғауға үш негізгі үкімет органы тартылған: ҚР 
Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДМ), ҚР Білім 
және ғылым министрлігі (ҚР БжҒМ), ҚР Еңбек 
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 
(ҚР ЕжХӘҚМ).
2.3.1. Қазақстан республикасының 
денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 
министрлігі мүгедектігі бар балаларға сапа-
лы медициналық қызмет көрсетуге жауап-
ты. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау мекемесі 
баланың бүлдірішін жастағы кезеңінен ба-
стап мүгедектік тобын анықтау мен белгілеу 
үшін де жауапты болып табылады. Ол үшін ҚР 
ДМ сәбиді алғашқы күннен бастап тексеруден 
өткізетін ерте жастан даму скринингін әзірледі. 
Нәрестелерге күтім жасауды қамтамасыз етуге 
жауапты медициналық мекемелер (перзентха-
налар) де сәби дүниеге келген сәттен бастап 
бірден «статистикалық нысанды» толтыруға жа-
уап береді. Нысан ҚР ЕжХӘҚМ-ге жіберіледі 
және мүгедектігі бар болып туылған әр балаға 
жеке жоспар әзірлеуге көмектеседі. 
Денсаулық сақтау министрлігіне бағынатын 
медициналық орталықтар да ересектер мен 
16 жасқа толмаған балалардың мүгедектік 
деңгейін (психикалық/физикалық) анықтауға 
және белгілеуге жауап береді. Бұл ағымдағы 
заңнамалық база негізінде жүзеге асы-
рылады және министрліктің актілерімен, 
бұйрықтарымен бірге регламенттеледі 
(5-кірістірмені қараңыз).
ҚР ДМ-нің қарауындағы барлық емханалар 
мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетіп, 
ақпарат ұсынады және баланың (мүгедектігі 
бар) бүлдіршін жастағы дамуына қатыстырылуы 
мүмкін. Емханалардың жанында балалардың 
ата-аналары мен мүгедектігі бар адамдар кон-
сультация алатын жеке кабинеттер бар. 
Мүгедектігі бар балаларға күтім жасау және 
оңалту бағдарламаларын іске асыруға тікелей 
қатысатын басқа мекемелер 18 жасқа дейінгі 
балаларға арналған оңалту орталықтары бо-
лып табылады. Олар сондай-ақ Денсаулық 
сақтау министрлігінің қарауында болады және 
мүгедектігі бар балалардың емделуі мен білім 
алуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет