аз қамтылған облыс – Қарағанды облысы бо-
лып табылады, мұнда тек 3 орталық бар, ал
бұл облыстағы мүгедектігі бар балалар саны
бәрінен көп (18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар
балалар саны - 4 669).
2012 жылы 13 506 бала психологиялық-
педагогикалық түзеу қызметін пайдаланды (ҚР
Білім және ғылым министрлігі, 2012 ж.). 14-су-
ретте көмек алатын халықтың географиялық
бөлінісі көрсетілген. Суретте Алматы облы-
сын қоспағанда (қызмет көрсетілетін бала-
лар саны кабинеттер санына сәйкес келетін)
басқа облыстарда мұндай қызметтерге
мұқтаж балалар санымен салыстырғанда
жағдай неғұрлым қолайсыз болып табыла-
ды. Дей тұрғанмен, мұндай кабинеттерде
жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы
деректер болмағандықтан, біз ұсынылатын
қызметтердің сапасының арасалмағын
көрсетіп/көрсетпейтінін егжей-тегжейлі айта
алмаймыз.
ҚР БжҒМ мүгедек балалардың қоғамға етене
араласуы үшін арнаулы білім беру қызметтерін
ұсынады. ҚР Білім және ғылым министрлігі
ұсынған деректерге сәйкес, бүкіл еліміз бой-
ынша 558 логопедтік кабинет (сөйлеу кемістігін
емдеу) 17 057 мүгедектігі бар балаға қызмет
көрсетеді. Деректер логопедтік кабинеттердің
бөлінісі мен осы қызметті пайдаланатын ба-
лалар санының бір-біріне сәйкес келетінін
көрсетеді (15 және 16-суреттер).
Достарыңызбен бөлісу: