2.5.4. Мүгедектігі бар балалар үшін
үйде білім беру
23-сурет үйде білім алатын мүгедектігі бар ба-
лалар саны жоғары облыстардың қатарына
еліміздің оңтүстік-шығыс облыстары (Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс
Қазақстан), одан кейін орталық облыстар жата-
тынын көрсетеді. Үйде білім алатын мүгедектігі
бар балалардың пайыздық үлесі бойынша
бірінші орынды Алматы облысы (17%), одан
кейін Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл об-
лыстары (15 және 14%, сәйкесінше) алады.
Бұл бөлініс Қазақстандағы мүгедектігі бар
балалардың жалпы санының бөлінісіндегі
осындай үрдіске сәйкес келеді (3-сурет).
24-суретте берілген деректер ауылдық жерлер-
де үйде білім алатын мүгедектігі бар балалардың
үлесі ең көп тиесілі облыстар - Оңтүстік
Қазақстан (үйде білім алатын балалардың жал-
пы санының 87%-ы осы облыста ауылдық ау-
дандарда тұрады), Солтүстік Қазақстан және
Алматы облыстары (75%) және Қызылорда об-
лысы (67%).
Қазақстандағы үйде білім алатын мүгедектігі бар
балалардың жалпы саны туралы ресми дерек-
тер кереғар болуы мүмкін. ҚР Білім және ғылым
министрлігінің деректері бойынша, үйде білім
алатын балалардың жалпы саны 2012 жылы 7
923-ті құрады, ал Қазақстан бойынша елдік ба-
яндамада бұл сан 8 758-ді көрсетті (10 пайызға
жоғары) (ЮНИСЕФ, 2013 ж.). Қазақстан бой-
ынша елдік баяндама 2012 жылы Қазақстанда
үйде білім алатын мүгедектігі бар балалар саны
мүгедектігі бар балалардың жалпы санының 13
пайызын құрағанын көрсетті (ЮНИСЕФ, 2013
ж.). Бұл Өзбекстанға (мүгедектігі бар балалардың
13 пайызы үйде білім алатын) сәйкес келеді, ал
бұл көрсеткіш Қырғызстан секілді (мүгедектігі
бар балалардың 4 пайызы үйде білім алатын)
басқа елдермен салыстырғанда барынша елеулі
болып табылады.
8-кіріСтірМе. ӨМірден алынған ОҚИға: айСӘуле
«Мен өте бақытты анамын!» - дейді төрт баланың анасы Нәзира. Оның жасы 44-те. Нәзираның
алдыңғы екі ұлы ер жеткен, олардың біреуі 22-де, екіншісі 23-те. Жұбайымен екеуі үнемі қызымыз
болса екен деп армандайтын. Алғашқы екі баладан кейін 18 жыл өткен соң, олар өздеріне тағы
бір мүмкіндік беріп, сәби сүйгісі келді..., отбасында тағы бір тамаша бала дүниеге келді. «Сәбиім
бізді және үлкен ұлдарымызды бақытқа бөлеп, үйде жүгіріп жүр,» - деп, Нәзира қуанышымен
бөліседі. Тағы бір жылдан кейін немесе шамамен соған жақын уақытта Нәзира ойламаған жер-
ден бала көтеріп қояды. Дәрігерлер бұл жаста бала туудың қаупін ескертеді, бірақ Нәзира одан
қорықпайды. Ол осы жолы ішіндегі сәбидің қыз бала болатынын сезеді, шынымен де сезімі
оны алдамайды. «Отбасымызға қылықты қыз келіп, бізді бақытқа бөледі,» - деп Нәзираның өзі
айтқандай, дүниеге көптен күткен қыздары келеді.
«Қауіп-қатер тобында болуыма байланысты жүкті кезімде маған генетикалық скринингтен өтуді
ұсынды,»- дейді Нәзира: - «бірақ мен бас тарттым. Егер мен скрининг жасатқан болсам, олар
мүмкін менің қызымның Даун синдромымен туыларын айтар ма еді». Нәзирадан жасанды түсік
жасауды тұрағанда, ол қарсы болған.
Айсәуле енді 2,5 жаста. Ол - өте сүйкімді және әдемі қыз. Жүре алады, сөйлейді, анасының өзін
қолына алғанын жақсы көреді.
Нәзираның көршілері мен достары оларға қызын сәбилер үйіне беру туралы кеңес берді,
бірақ бұл Нәзира мен оның отбасының жанын ауыртып, тым тұрпайы естілді. «Отбасымызда
қызымыздың дүниеге келгені үшін біз бақыттымыз!» дейді Нәзира жүзі күлімдеп: «Балалар оны
жақсы көреді, одан жылуы мен мейірімін аямайды» дейді.
Үкімет Айсәулеге ай сайынғы жәрдемақысын, әлеуметтік көмек пен оңалту бойынша ем, оның
ішінде сылау, емдік дене шынықтыру және логопедтік ем ұсынады. Қазіргі кезде Нәзираны
алаңдататын бір жағдай – жақын арада, қызы үш жасқа толған кезде аяқталатын декреттік де-
малысы. Ол Айсәулені дені сау балалар баратын әдеттегі балабақшаға бергісі келеді. Алайда ол
тұратын ауданда не инклюзивті не мамандандырылған балабақша жоқ. Нәзира өзіне Айсәулемен
үйде отыруға тура келеді деп ойлайды. «Егер мен үйде отырып, қызыма қамқорлық жасаймын
деп шешсем, менің жұмыс өтілім үзіледі, зейнеткер жасына келген кезімде лайықты зейнетақы
ала алмаймын. Үкімет «үй шаруашылығындағы әйел» немесе «балаларға қарайтын күтуші/бала
бағушы» қызметін әдеттегі жұмыс өтілі ретінде ескеріп, ресми деңгейде еңбек өтілі ретінде таны-
са екен деймін» деген ұсыныс айтады Нәзира.
46
Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
23-сурет. Үйде білім алатын мүгедектігі бар балалардың пайыздық үлесі (қалалық/ауылдық
аудандарға бөлгенде)
100%
80%
60%
40%
20%
0
Оңтүстік
Қазақстан
Алматы
Жамбыл
Қызылорда
Шығыс
Қазақстан
Солтүстік
Қазақстан
Ақмола
Қостанай
Батыс Қазақстан
Атырау
Павлодар
Қарағанды
Ақтөбе
Маңғыстау
Астана
Алматы
Қалалық жерлер
Ауылдық жерлер
Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрлігі берген деректер негізінде, 2012 ж.
23-сурет. Үйде білім алатын балалар саны (облыстар бойынша)
659.5-1345
320.5-659.5
243.5-320.5
123-243.5
Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрлігі берген деректер негізінде,
2012 ж.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫ
ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫ
АЛМАТЫ
ОБЛЫСЫ
ЖАМБЫЛ
ОБЛЫСЫ
ҚАРАҒАНДЫ
ОБЛЫСЫ
ПАВЛОДАР
ОБЛЫСЫ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
ҚОСТАНАЙ
ОБЛЫСЫ
ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
АҚТӨБЕ
ОБЛЫСЫ
АТЫРАУ
ОБЛЫСЫ
МАҢҒЫСТАУ
ОБЛЫСЫ
47
2500
2000
1500
1000
500
0
2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012
25-сурет. Кәсіптік-техникалық білім беру
ұйымдарындағы мүгедектігі бар және даму-
ында мүмкіндіктері шектеулі балалар мен
жастардың білім алуы туралы деректер,
2002 – 2012 жылдар
Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрлігі
деректерінің негізінде, 2012 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |