Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет27/68
Дата07.10.2022
өлшемі3,63 Mb.
#152046
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

2.4.3. жүйені қаржыландыру 
мен оған мониторинг жүргізудегі 
ықтимал кедергілер 
Жоғарыда келтірілген талдау Қазақстандағы 
мүгедектігі бар балалар мен олардың 
отбасыларының мүгедектігі бойынша 
жәрдемақыларының салыстырмалы түрде 
жоғары екенін (әсіресе өңірдегі Қырғызстан 
секілді басқа елдермен салыстырғанда) 
көрсетті. Мүгедектігі бойынша жәрдемақыны 
нақты көбейту оның азғана, болмашы екеніне 
қарамастан, үкіметтің халықтың дәл осы то-
бын қорғауға бел байлағанын растайтын 
жақсы белгі болып табылады. Екінші жағынан, 
Қазақстан Республикасында қабылданған 
түрлі заңдардың қолданысқа енгізілгеніне 
қарамастан, жүйе бұрынғысынша мониторинг 
жүргізу мен бағалаудың қанағаттанарлықсыз 
тетіктерінен зардап шегуде. Мұндай тетіктер 
халықтың мақсатты санаттарына әлеуметтік 
көмек көрсетудегі сапаның тиімсіздігі мен 
кемшіліктерін анықтамайды және жоймайды. 
Елдегі әлеуметтік көмек көрсету жүйесі туралы 
есептердің бірі осы жетістіктердің кейбіреулерінің 
түрлі облыстардағы көрсетілген әлеуметтік 
қызметтердің құнымен салыстырғанда 
айтарлықтай жоғары айырмашылықтармен 
ерекшеленетінін көрсетеді (Ковалевский, 
2012 жыл). Мысалы, үкімет Атырау облысын-
да психикалық-жүйке ауруларымен ауыратын 
мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан 
асқан мүгедектігі бар адамдарға үйде күтім жа-
сау үшін жылына бір күтім жасаушыға шамамен 
79,8 мың теңге жұмсаса, Алматы облысында бұл 
мақсаттарға 217,7 мың теңге жұмсалды. Үлкен 
айырмашылықтар сондай-ақ неғұрлым стандарт-
ты қамқорлық жасау мекемелерінде, мысалы, 
балаларға арналған жартылай стационарлық 
үлгідегі (немесе медициналық, немесе әлеуметтік 
орталықтардағы) медициналық-әлеуметтік ме-
кемелерде байқалады, мұнда шығынның сома-
сы Солтүстік Қазақстан облысындағы 66,7 мың 
теңге мен Батыс Қазақстан облысындағы 5,174 
мың теңге (шамамен 78 есе айырмашылық) 
ЮНИСЕФ және Спешиал 
Олимпикс ұйымдастырған 
спорттық жарыстар 
кезінде, Семей қ. 
39


арасында ауытқиды. Шығындағы мұндай 
айырмашылықтар түрлі облыстарда ұсынылатын 
қызметтердің стандарттары мен сапасына 
қатысты мәселелерді көтереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет