Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
және III топтар үшін) ерекшеленеді. Сондықтан
өткен жылдар ішіндегі кез келген үрдістер
ұқсас болып табылады (11 және 12-суреттерде
көрсетілгендей, қисықтар бір-біріне параллель
орналасқан).
Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдардың
көпшілігінің мемлекет ұсынатын күтімге де,
қолауға да мұқтаж екенін ескерсек, олар та-
бысы төмен отбасылар санатына жатады
(Қазақстанға арналған Мыңжылдық даму
мақсаттары (МДМ) туралы баяндама, 2010
ж.). Басқа есептер отбасында мүгедектігі
бар адамның болуы кедейлік пен әлеуметтік
оқшаулану қаупінің арту фактісін растайды
(ПРООН, 2009 ж.). Бұл, ең алдымен, (еңбекке
мейлінше жарамсыз және отбасының өзіне
қамқорлық жасау үшін жұмысын тастайтын
басқа мүшелері тарапынан неғұрлым бейресми
көмекке мұқтаж) мүгедектігі бар адамның ерек-
ше мұқтаждықтарына байланысты. Сондай-
ақ бұл мүгедектік салдарынан туындаған
қосымша мұқтаждықтарды жабу үшін бөлінген
жәрдемақы сомасы жеткіліксіз болатындықтан
(мысалы, медициналық қызметтерге және
т.б. ерекше мұқтаждықтар), мүгедектігі бар
адамдарға қаржылай қолдау көрсету кейде
мардымсыз болатынын да айғақтап берді деп
көрсетеді, (Қазақстанға арналған МДМ баянда-
масы, 2010 ж.).
Достарыңызбен бөлісу: