«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет20/21
Дата10.10.2022
өлшемі0,82 Mb.
#152448
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
osh sor aza-tili 11 ogn

 
 
Еламан Әбінәлі, Алматы электромеханикалық колледжінің студенті:  
- Қазіргі кезде автокөліктердің неше түрлері шығып жатыр. Оларға көптеген техникалық 
қызметтер көрсету керек. Бұл салада көп оқыған мамандар жоқ. Көбі жаңағы заңгер деген 
сияқты мамандықтарды оқиды. 
 
Биыл слесарь, электрик және дәнекерлеуші қызметтеріне де қызығушылық күрт артыпты. 


 
33 
Осылайша, жастардың талғамы сұранысқа сәйкес келіп отыр. Аталған мамандық иелерінің 
бізде тапшы екенін айта кетейік. Ал биылғы көрсеткіш осындай мамандарды даярлайтын оқу 
орындары үшін жағып тұр. 
 
________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________ 
Болатжан Бозымбаев, Алматы электромеханикалық колледжінің директоры:  
- Былтыр, мысалы, бізде бар-жоғы 612 бала болатын. Биыл қазір баланың саны 695. Биылғы 
жылдың қорытындысы бойынша біздің түлектердің 72 пайызы жұмысқа орналасты. 
 
Осылайша, дипломы бар жастар жұмыссыз сенделмейтін болды. Бұған дейін, олар аталған 
салаларда айлықсыз қаламыз деп қорыққан. Енді түлектер де, ата-аналар да көлік жөндеуші, 
дәнекерлеуші сынды мамандықтардың келешегі зор екенін түсініпті. 
 
 
Азамат Қасымбеков, finprom.kz аналитигі:  
- Абитуриенттер бізге қандай мамандардың шын қажет екенін ұғына түсті. Олардың бұл 
салаларға бет бұруына «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 
2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» да әсер еткен.
 
Десе де болашақ заңгерлер мен есепшілер де жұмыссыз қалмасына сенімді. Сарапшылардың 
мәліметінше, биыл тоғызыншы сыныпты бітірген түлектер колледждерге көптеп ағылған. 
Қазір мұндай білім ордаларында жалпы саны 169 мың адам оқиды. Ал бұған дейін бәрі 
керісінше болатын. Яғни колледжде білім алушылар саны жыл сайын 5 пайызға кеміп 
отырған еді.
 
________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________ 
2. Іріктеген дәйексөздер мен деректерге сілтеме жасай отырып, ПОПС формуласы негізінде 
өз ойыңызды түйіндеңіз. 
Менің ойымша... 
Себебі... 
Оған мынадай дәлелдер келтіремін... 
Осыған сәйкес мынадай шешімге келдім...
3. Жағдаятты негізге алып, «Қалаған мамандығыңды таңдасаң, ол сенің өмірлік хоббиіңе 
айналады» деген тақырыпта дискуссивті эссе жазыңыз. Тыныс белгілердің дұрыс қойылуына 
назар аударыңыз. 
Жағдаят 
Кешкі ас үстінде отбасыңызда мамандық таңдау тақырыбы қозғалды. Сіз бүгінгі заманның 
сұранысына ие мамандықтар туралы ақпаратпен бөлісіп, өз таңдауыңыз туралы шешіміңізді 
айттыңыз. Сіздің таңдауыңыз ата-анаңыздың көңілінен шықпады. Сіз өз шешіміңізде 
қалдыңыз, ал олар өз пікірлерін өзгерте қоймады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет