Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет126/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

146
олардың қабынулары, сезімталдықтың ӛзгерістері және 
салданулар пайда болады. 
Кӛмірсулары алмасуының бҧзылыстары 
гипергликемия, 
глюкозурия және гипогликемия
тҥрлерінде байқалады.
Гипергликемия қанда қант мӛлшерінің жоғары кӛтерілуі. 
Оның пайда болу себептеріне қарай: 
● ауқаттық; 
● эмоциялық; 
● гормондық; 
● 
инсулиннің 
жеткіліксіздігінен 
болатын 

гипергликемиялар
 
деп ажыратады.
Ауқаттық гипергликемия тамақпен жеңіл қорытылатын 
кӛмірсуларды 
кӛп 
қабылдағанда 
байқалады. 
Эмоциялық 
гипергликемия орталық және симпатикалық жҥйке жҥйелері 
қатты қозғанда дамиды. Бҧл кезде бауырда гликогеннің 
ыдырауы кҥшейіп, кӛмірсуларының майға айналуы азаяды. 
Гормондық гипергликемия эндокриндік бездердің қызметтері 
бҧзылғанда байқалады. Ҥйқы безінің жасушаларының гормоны 
глюкагон және бҥйрек ҥсті бездерінің милық қабатының 
гормоны - адреналин бауырда фосфорилазаны әсерлеп, 
гликогенолизді кҥшейтеді. Глюкокортикоидтық гормондар 
глюконеогенезді арттырады жӛне гексокиназаны тежейді. 
Гипофиздің соматотроптық гормоны гликогеннің тҥзілуін 
азайтады, гексокиназаның белсенділігін тежейді және 
бауырда инсулиназа ферментін сергітеді. Бҧл келтірілген 
гормондарды 
контринсулиндік
(инсулинге қарсы) гормондар 
деп атайды. 
Гипергликемия инсулин жеткіліксіздігінде қарқынды және 
тҧрақты болады. Инсулиннің жеткіліксіздігі 
ҧйқыбездік
(панкреатикалық) және 
ҧйқыбездік емес

салыстырмалы 
(безден тыс)
болуы мҥмкін. 
Бездік 
инсулиннің 
жеткіліксіздігі
ҥйқы 
безінің 
біріншілік бҥлінуінен болады. Ол туа біткен және жҥре 
пайда болған болуы мҥмкін. Біріншісі тектік ақаулардың 
болуынан ҥйқы безінің β-жасушаларында инсулиннің мҥлде 
тҥзілмеуі немесе тым аз тҥзілуінен дамиды. Жҥре пайда 
болған инсулиннің аз тҥзілуі кӛптеген себептерден болады. 
Оларға: 
● ҥйқы безінде ӛспе ӛсуі; 
● жҧқпалар (туберкулез, мерез бактериялары, қызамық, 
паротит 
т.с.с. вирустары) мен 
қабыну кездеріндегі 
ҧйқыбездің бҥліністері; 
● Лангерганс аралшықтарында қан тамырларының
тарылуы 
(атеросклерозы), тромбозы немесе олардың қатты жиырылуы 
нәтижелерінде гипоксия дамуы; 


147
● организмде пуриндер алмасуларының бҧзылыстарынан 
аллоксан кӛп ӛндірілуі;
● организмде цинк иондарының жетіспеушілігі;
● ҧзақ мерзім тым артық қызмет атқарудан β-
жасушаларының қалжырауы т.с.с. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет