Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


нағыз немесе шынайы және салыстырмалы



Pdf көрінісі
бет169/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

нағыз немесе шынайы және салыстырмалы 
немесе салдарлық
болып екі тҥрге бӛлінеді. 
Нағыз 
гипонатриемия
мына жағдайларда байқалады:
● тағаммен ас тҧзы аз тҥскенде, мысалы, ашығу, тҧзсыз 
емдәм қабылдау кездерінде; 
● натрийді несеппен, термен немесе ішек сӛлімен 
кӛптеп сыртқа шығарғанда;
● әльдостерон аз ӛндіріліп шығарылғанда (мәселен, 
Аддисон ауруы кезінде) нефрон ӛзекшелерінде натрийдің 
бастапқы несептен қанға кері қайта сіңірілуі азаяды;
● 
сульфаниламидтер 
және 
олардың 
туындылары 
— 


198
салуретиктерді (диакарб, дихлотиазид) ҧзақ мерзім бойы 
қабылдағанда кездеседі. Ӛйткені олар натрийдің несеппен 
шығарылуын кҥшейтеді. 
Салыстырмалы немесе салдарлық гипонатриемия
: қанның 
сҧйылуы кезінде болады. Ол мына жағдайларда байқалады: 
● суды артық қабылдағанда; 
● изотониялық сҧйықты емдік мақсатта кӛп мӛлшерде 
енгізгенде;
● бҥйректің несеп шығару қызметі тӛмендегенде; 
● дене ісінуін емдеу кезінде су тінаралық кеңістіктен 
тамыр ішіне кӛптеп ӛткенде. 
Гипонатриемия кезінде организм оған жауап ретінде 
әлдостеронның ӛндірілуін арттырады және атриопептин мен 
бҥйректе простагландиндердің тҥзілуін кемітеді. Содан 
натрийдің несеппен шығарылуы азайып, ол организмде 
ҧсталынады. 
Гипонатриемияның 
кӛріністері. 
Гипонатриемияның 
нәтижесінде қанда және басқа биологиялық сҧйықтарда 
осмостық қысым тӛмендейді. Осыдан су жасушалардың ішіне 
ауысып олардың ісінуі байқалады. Тері мен шырышты 
қабықтардың қҧрғауы болып, олардың серпімділігі мен 
тығыздығы азаяды.
Натрийді кӛп жоғалтқанда калийдің жасуша ішінен 
сыртына шығуы байқалады. Сол себептен жҥйке және бҧлшықет 
тіндерінің қозымдылығы азаяды. Ӛйткені жасуша сыртында 
натрий иондарының мӛлшері тӛмендеген. Осыдан қозымды 
тіндердің қозымдылық шегі жоғарылайды. Бҧл жҥрек етінің, 
бҧлшық және тегіс салалы ет талшықтарының тонусын 
әлсіретеді, бҧлшық еттерде ауыру сезімінің пайда болуына 
әкеледі. Орталық жҥйке жҥйесі қызметінің бҧзылыстары 
пайда болады. Бҧл бҧзылыстар жан-дҥниелік әлсіздікпен, 
кейде тіпті ессіз кҥй дамуымен кӛрінеді. Ӛйткені 
гипонатриемияның нәтижесінде ми нейрондарында иондық 
дисбаланс және олардың ісінуі дамиды. Сонымен бірге мидың 
гипоксиясы байқалады.
Жҥрек-тамыр жҥйесі қызметінің бҧзылыстары тахикардия, 
артериялық қысымның тӛмендеуімен, кейде коллапс дамуымен 
байқалады. Ӛйткені қан тамырларының тонусы тӛмендеген, 
жҥректің жиырылу кҥші әлсіреуінен оның шығарымы азайған.
Гипорнатриемия кезінде тәбетттің жоғалуы, судан жеру, 
жҥрек айну, қҧсу т.т. пайда болады, қанттың ішектерде 
сіңірілуі азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет