199
организмде
натрий иондары жинала бастайды. Гипонатриемия
нәтижесінде пайда болатын бҧзылыстарды жою ҥшін кӛктамыр
ішіне 1-2% ас тҧзының ерітіндісін, қан плазмасын,
нәруыздар препараттарын жібереді.
КАЛИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҦЗЫЛЫСТАРЫ.
Калий
- жасуша ішіндегі, негізгі электролит. Ересек
адамда калийдің организмдегі жалпы мӛлшері 4000 ммоль-дей
болады, ал
мҥның 2/3 бӛлігі бҧлшық еттерде, 5% сҥйек
қҧрамында болады. Организм тәулігіне 2-4 г калий қажет
етеді. Калийдің жалпы мӛлшерінің 90%-ы, яғни 11О-150
ммоль/л-дейіні жасуша ішінде, ал 10%-ы ғана, яғни 7
ммоль/л-дейіні,
жасуша сыртындағы сҧйықта орналасқан.
Оның қан плазмасындағы мӛлшері - организмдегі жалпы
мӛлшерінің 0,4%-ы ғана, яғни 3,8—5,4 ммоль/л. Бҧл
калийдің плазмадағы салыстырмалы тҧрақты
шамасы болып
есептеледі. Плазма мен жасуша аралық сҧйықта калий
иондалған тҥрде, ал жасуша ішіндегі оның кӛп мӛлшері
нәруыздармен, кӛмірсуларымен, креатининмен, фосформен
байланысқан тҥрлерде болады. Калийдің жасуша ішінен шығуы
кӛп жағынан аз жағына қарай (концентрациялық айырмашылық
бойынша) жҥзеге асса, оның жасушаға енуі —
энергияны
пайдалана отырып, Na
+
- К
+
- АТФ-аза ферментінің қатысуымен
атқарылатын белсенді ҥрдіс. Ҧлпалы ағзалардың жасушасына
калий глюкоза-калий дифосфат қосындысы тҥрінде енеді. Бҧл
ҥрдіске АҤФ (аденозин ҥш фосфор қышқылы) дем береді және
гормондар арқылы реттеледі. Калийдің жасуша іші мен
сыртындағы кеңістік арасында орын ауыстыруында қышқылдық-
сілтілік ҥйлесімділіктің ӛзгеруінің маңызы зор. Мысалы,
қанда сілтілер кӛбейгенде, калийдің жасуша сыртынан ішіне
ӛтуіне байланысты оның қандағы мӛлшері азаяды, ал егер
қанда қышқылдар кӛбейсе, онда керісінше болады.
Калийдің
организмнің тіршілігіне қажетті бірталай міндеттері бар:
●
ол
жасушалардың
мембраналық
потенциалын
қалыптастыратын негізгі иондардың бірі болып табылады;
● жасушаларда осмостық қысымды қамтамасыз етеді;
● кӛмірсуларының, нәруыздардың, липидтердің алмасуына
қатысады.
Гликогенез ҥрдісі калийдің жҧмсалуын кҥшейтеді, ал
гликогенолиз, керісінше, калийдің босауына және оның
жасуша сыртына шығуына әкеледі. Калий бҥлінген
тіндерді
қалпына келтіруге қатысады. Мәселен, нәруыздардың тҥзілуі
кезінде калий жасуша ішінде жиналады, ал олардың ыдырауы
кезінде ол жасуша ішінен сыртына шығып, қанға және
артынан несепке ӛтеді. Нәруыздар, кӛмірсулары,
майлар
ыдырауының қарқынды болуы калийдің теріс тепе-теңдігіне
200
әкеледі. Калий алмасуы су алмасуымен тығыз байланысты.
Калий натриймен қарама-қарсылық әрекетте болады, себебі
калий организмнен оңай шығатын болса,
натрий керісінше
оңай жиналып қалады. Сонымен қатар, егер натрий ӛзімен
бірге организмде суды ҧстап қалатын болса, калий,
керісінше, бҥйрек ӛзекшелерінің антидиурездік гормонға
сезімталдығын тӛмендете отырып, несеппен судың сыртқа
шығарылуын кҥшейтеді. Калийді организмге кӛп мӛлшерде
енгізсе, онда ол натрий
мен судың сыртқа шығарылуын
арттырады. Сол себептен, дене ісінуін калийі кӛп емдәммен
емдеу, осыған негізделген.
Калий
алмасуының
бҧзылуы
гипокалиемиямен
және
гиперкалиемиямен кӛрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: