205
жатады. Тағаммен бірге тҥсетін кальцийдің қосылыстары іс
жҥзінде суда ерімейді. Асқазанның қышқыл сӛлінің әсерінен
олардың бір бӛлігі еритін қосылыстарға айналады. Кальций,
фосфор қышқылының бір негізді тҧздары тҥрінде ҧлтабарда
сіңіріледі және оның сіңірілуіне май, май қышқылдары, Д
витаминінің мӛлшері ҥлкен әсер етеді.
Кальцийдің қандағы қалыпты мӛлшері 2—2,5 ммоль/л-дей,
егер одан кӛбейсе, онда фосфор мӛлшерінің азаюына әкеліп
соғады және керісінше болады, яғни қанда кальцийдің
мӛлшері азайса онда фосфордың мӛлшері кӛбейеді. Сӛйтіп,
кальцийдің деңгейі ӛзін-ӛзі реттеп тҧрады. Д витаминінің
қатысуымең кальций мен фосфор қанға тҥседі, қанда олардың
арақатынасы ҥйлескен деңгейде болады. Егер белгілі бір
себептермен кальцийдің қандағы мӛлшері кӛбейетін болса,
онда
қалқаншасерік
безде
паратгормонның
ӛндіріліп
шығарылуы тежеледі де, қалқанша бездерде кальцитониннің
ӛндірілуі артады. Осының нәтижесінде кальцийдің қандағы
мӛлшері қажетті деңгейге келеді, сонымен қатар фосфордың
да деңгейі қалыпты кҥйге кӛшеді.
Кальций мен фосфордың тҧрақты деңгейі кальцитонин және
паратгормон арқылы реттеліп отырады. Кальцитонин —
қалқанша бездің С-жасушалары тҥзетін гормон және оның
қандағы кальцийдің мӛлшерін азайтатын қасиеті бар.
Паратгормон — қалқаншасерік безде ӛндіріледі де, ол
керісінше, қандағы кальцийдің мӛлшерін кӛбейтеді.
Организмге кальций мен фосфор тағамдық заттармен бірге
тҥседі.
Олардағы
кальций
мен
фосфордың
ҥйлесімді
арақатынасы 1 : 1,25 ке теңеледі. Тағам қҧрамында
фосфордың мӛлшері кӛп болып, кальций аз болса, онда
кальций
бҥйрек,
ішек
тамырларында,
коронарлық
артерияларда жиналады. Мҥндай жағдай негізінен тек
балықпен және уылдырықпен тамақтанудан болуы мҥмкін. Бҧл
дерт ересектерде ғана емес, сонымен қатар балаларда да
дамуы ықтимал. Кальцийдің ішектерде кӛп сіңірілуі ӛсіп
келе жатқан жас балаларда, жҥкті және бала емізетін
әйелдерде байқалады. Ал, Д гиповитаминозы, ӛт жолдары
бітелгенде, май қышқылдарының ыдырауы бҧзылғанда ашішек
қабынуы
кезінде,
керісінше
кальций
мен
фосфордың
сіңірілуі
қиындайды.
Оксалаттары
кӛп
және
майлы
тағамдарды
артық
пайдаланғанда,
ҧзақ
іш
ӛтулері
кездерінде кальцийдің сіңірілуі мҥлде болмауы мҥмкін.
Кальций алмасуынның бҧзылыстары гипокальциемия және
гиперкальциемия деп аталатын екі тҥрде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: