Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


МАРГАНЕЦ АЛМАСУЫНЫҢ БҦЗЫЛУЫ



Pdf көрінісі
бет188/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

МАРГАНЕЦ АЛМАСУЫНЫҢ БҦЗЫЛУЫ.


218
Марганецтің қандағы мӛлшері орта есеппен 2,2 мкг% тең. 
Марганецтің жеткіліксіздігі егеуқҥйрықтарда, қҧстарда, 
шошқаларда 
атабездердің 
бҥліністеріне, 
ҧрғашыларында 
эстралдық оралымның бҧзылуына, сҥт ӛндірілуінің азаюына 
және сҥйектердің бҥліністеріне әкеледі. 
Марганецтің артық болуы орталық жҥйке жҥйесінің 
қызметіне нҥқсан келтіреді, сол себептен паркинсонизм 
ауруына 
әкеледі. Сонымен қатар темірдің сіңірілуі 
қиындайды да анемия дамиды, бірақ тағамға темір қосу 
арқылы бҥл анемияның алдын алуға болады. 
ЙОД АЛМАСУЫНЫҢ БҦЗЫЛУЫ.
Йод қалқанша бездің гормондары — тироксин және 
трийодтирониннің қҧрамына кіреді. Йодтың организмдегі 
мӛлшері 12,6 мкг%, ал қанда 4,0 мкг%. Бҧлар тіндердің 
нәрленуіне әсер етеді. Йод, сонымен қатар сілекей, 
асқазан бездерінде және сӛл шығаратын басқа ағзаларда да 
болады. Йодтың сілекей және асқазан сӛліне бӛлінуінің, 
оның организмде сақталуында, әсіресе ауыз су және тағамда 
ол жеткіліксіз болғанда, маңызы ӛте зор. Йодтың сҥтте кӛп 
мӛлшерде болуының балалардың тамақтануында маңызы жоғары. 
Ядролық жарылыстардан соң сҥттің радийбелсенді йодпен
ластануы қалқанша бездің иондағыш сӛулелермен бҥліну 
қаупін тудырады. Ӛйткені, йод сҥт безінде кӛп мӛлшерде 
жиналады. 
Организмде йод жеткіліксіздігі кезінде гипотиреоз, 
эндемиялық зоб пайда болады. Йод жетіспеушілігі аймақтық 
сипатқа жиі ие болады. Ӛйткені кейбір таулы аймақтарда 
йод ауыз суында және топырақта аз болады. Балаларда йод 
жетіспеуінен ақыл-есінің дамуы нашарлап, меңіреулік 
(кретинизм) дамиды. 
ФТОР АЛМАСУЫНЫҢ БҦЗЫЛУЫ
.
Фтордын қандағы мӛлшері 17,2 мкг% болады. Фтор тіс 
тіндерінің қальшты қызмет атқаруы ҥшін қажетгі бӛлшегі 
болып табылады. Ауыз суында фтордын жеткіліксіздігі, яғни 
0,5 мг/г тӛмен болуы тістердің бҥлінуін, тіс жегісі 
(кариес) дамуын туындатады. 
Организмге фтордың артық мӛлшерде тҥсуі 
флюороздың
дамуына әкеледі. Ол қаңқа сҥйектері мен тістердің 
бҥлінуінен, яғни остеопороз дамуы мен тіс кіреукесінің 
теңбілденуімен кӛрінеді. 
Топырақ пен ӛсімдіктердің, химиялық тыңайтқыштардың 
ӛндірілуі және топыраққа енгізілуі кезінде, фтормен 
ластануының кӛбеюі, ас қорыту жҥйесінде ӛспелердің дамуын 
жиілететіні дәлелденді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет