● м агнийдің қандағы жоғары деңгейін натрий мен кальций
ерітінділерін кӛктамырға енгізу жолымен тӛмендетуге
болады. Кальций магнийге қарама-қарсы әсер етеді;
● магнийге бай тағамдық заттарды, мысалы: тары,
бҥршақ, ҥрме бҧршақ т. с. с. қабылдауды шектеу;
● диализдің алуан тҥрінің кӛмегімен қанды жасанды
жолмен тазарту әдісі де пайдаланылады.
ТЕМІР АЛМАСУЫНЫҢ БҦЗЫЛУЫ. Адам организмінде 3-5 г темір болады, оның 50%-ы
гемоглобиннің гемінде орналасқан. Темір сонымен қатар
еттерде
миоглобин
молекуласының
және
тотығу-
тотықсыздандыру ҥрдісіне қатысатын ферменттердің (мәселен
пероксидаза, цитохромдар т.с.с.) қҧрамына кіреді. Ер
адамдарға кҥніне 0,6 мг темір қажет, ал әйелдердің
мҧқтаждығы бҧдан 30-60% кӛп, ӛйткені оларда темірдің
физилогиялық шығыны кӛп болады. Жҥкті әйелдерде темірге
мҧқтаждық физиологиялық
жағдайдан 5-10 есе жоғары болады
және жҥктіліктің соңғы ҥш айында темірге мҧқтаждық ерекше
кӛтеріледі.
Темір
организмде
керегінен
артық
жиналмайтындықтан оның тағаммен жеткіліксіз тҥсуі (темір
негізінде етте болады) гипохромдық микроциттік анемияға
әкеледі.
Темірдің ішектерде сіңірілуі тҧтас организмнің осы
элементке мҧқтаждығына байланысты болады. Сол себептен
анемиясы бар науқастарда, сау
адамдарға қарағанда
темірдің сіңірілуі кӛбірек болады.
Бҧл ішектердің
ішіндегі
темірдің
плазмаға
ӛтуі
ферритин
арқылы
реттелуіне байланысты. Ферритин — темір қосындыларының
апоферритин деген нәруызбен байланысқан кешенді тҥзілісі.
Емшектегі
балаларды
қолдан
қоректендіргенде
немесе
қосымша қоректендіру кездерінде емшек сҥтімен темір
тҥспейтін
болғандықтан,
онын
жеткіліксіздігі
дамуы
мҥмкін. Темір жеткіліксіздігі, емдәмде бейорганикалық
фосфор кӛп мӛлшерде болғанда, пайда болады. Себебі, темір
бейорганикалық фосформен нашар еритін қосындылар тҥзеді.
Сонымен қатар темір жеткіліксіздігі, ішектегі қабыну
ҥрдістерінің
ферритиндік
реттеу
жолының
бҧзылуымен
қабаттас болғанда да пайда болуы мҥмкін. Егер ҥш валентгі
темір организмге артық тҥсетін болса, онда қан плазмасы
және тіндерде темір қорға жиналады, яғни гемосидероз
пайда болады. Бҧл ішкі ағзалардың (бауырдың т. б.)
қызметтерінің бҧзылыстарына әкеледі.