Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


МАГНИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҦЗЫЛЫСТАРЫ



Pdf көрінісі
бет183/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

 
МАГНИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҦЗЫЛЫСТАРЫ. 
Адам организмінде мӛлшермен 25-30 мг. магний болады. 
Оның 
67%-ы 
сҥйектердің 
қҧрамына 
кіреді, 
31%-ы 
жасушалардың, негізінен миоциттердің, ішінде болады. Онда 
ол АТФ-молекуласымен кешен қҧрады. Қан сарысуында ол 
0,65-1,1 
ммоль/л 
әлбуминдермен 
және 
глобулиндермен 
байланысқан тҥрде болады. Магний қоры сҥйекте және 
бҥлшық ет тінінде жинақталған. Қанда ол кӛбінесе 
иондалган тҥрде болады. Магний 300-ге жуық ферменттердің 
кофакторы болып, зат алмасу ӛнімдеріне фосфор қышқылын 


214
тасымалдайтын ферменттердің (фосфатаза, фосфорилазаның) 
және нәруыздардың тасымалдануына қажетті амино-ацил-т-
РНК-синтетазаның 
іс-әрекеттеріне 
қатысады. 
Ол 
электрофизиологиялық 
ҥрдістерде 
қозымды 
тіндерге 
кальцийдің әсеріне қарама-қарсы ықпал етеді.
Магний алмасуының бҧзылыстары гипомагниемия және 
гипермагниемия деп екі тҥрге бӛлінеді. 
Гипомагниемия 
— магнийдің қандағы мӛлшері 0,6 ммоль/л 
ден тӛмен болуы. Ол мына жағдайларда пайда болуы мҥмкін: 

организмге магний аз тҥсуінде: 
♣ ҧзақ ашығулар кездерінде тамақпен магний аз 
тҥскенде; 
♣ ішектерде магний сіңірілуі бҧзылғанда, мәселен, 
ҧзақ іш ӛтулерден, созылмалы энтериттер кездерінде 
мальабсорбция синдромынан, 
 
ӛт шығаратын жолдардың 
бітелуі нәтижесінде пайда болған ахолия кезінде магнийдің 
май қышқылдарымен қосылып ерімейтін тҧздары қҧрылуынан 
т.с.с. жағдайларда; 
● магнийдің организмнен сыртқа шығарылуы тым артып 
кеткенде: 
♣ әлдостерон артық ӛндірілгенде, гипопаратиреоз т.б. 
жағдайларда 
нефрон 
ӛзекшелерінде 
бастапқы 
несептен 
магнийдің қанға кері сіңірілуі бҧзылғанда; 
♣ ауыр іш ӛтулер кездерінде ҥлкен дәретпен магний 
кӛптеп шығарылғанда; 
● қаннан магний жасушаларға артық ауысқанда, мәселен, 
тыныстық алкалоз, гиперинсулинемия, ішімдікті доғару 
синдромы т.б. жағдайларда осындай қҧбылыс байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет